Түркістан облысының журналистері кәсіби мерекесін 27 маусымда Қасқасудағы «EcoVillage» демалыс орнында атап өтті. Табиғат аясындағы еркін форматтағы кездесу ерекше көңіл күй сыйлап, әріптестерге шабыт берді.
Іс-шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Әлмахан және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев жылы лебіздерін білдіріп, саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қаламгерлерді марапаттады.
Бұл күні төлебилік журна-листердің мерейі асқақтап, «Төлеби туы» газетінің 65 жыл-дан бергі штаттан тыс тілшісі, ардагер ұстаз Көшкінбай Елікбаевқа «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы беріліп, еңбек жолын осы аудандық газетте бастаған тәжірибелі тілші Серікқали Жексенбаевқа (суретте) «Құр-мет» ордені табысталды.
Кеш барысында әріптестер бір-бірімен еркін пікір алмасып, естеліктермен бөлісті. Ән мен би, әңгіме мен әзіл – барлығы осы кездесуді шынайы мере-кеге айналдырды.
Бір сәт тынығып, таза ауада сергіп, қызметіне жаңа шабытпен оралған әріптестерімізге алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
«Төлеби-ақпарат».