tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Төлебилік жастар – әлем чемпионы

27 декабря, 2024
0
Төлебилік жастар – әлем чемпионы

Меніңше, Қазақстанның көк байрағын бүкіәлемдік спорт жарыстарында желбіретіп, әнұранымызды аспанымызда қалықтату үшін ең алдымен ауыл спортын дамыту керек деп ойлаймын. Мен 39 жылдан бері Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Сұлтанрабат жалпы орта мектебінде балаларды дене тәрбиесіне баулып келемін. Сондай-ақ көршілес Қазығұрт ауданына қарасты №2 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтері мектебінде 2007 жылдан бері балалар мен жастарды спорттың пауэрлифтинг түріне баулып, жатықтырушылық жасаудамын. Оларды өз үйімнің жанынан ашылған шағын спорт кешенінде жаттықтырып жүрмін. Қол жеткен жетістіктеріміз аз емес. Шәкірттерім бүкіләлемдік жарыстарда топ жарып, әлем чемпиондары атануда. Біздің ауылдағы балалар мен жасөспіріпдер спорт мектебінен бүгінге дейін 5 әлем чемпионы шықты. Атап айтқанда: Алена Гладкова 2 дүркін, Рада Аюдирова 2 дүркін және Нигара Абдирова 2 дүркін әлем чемпионы атанса, Барно Жұмабаева 3 дүркін әлем чемпионы атанды.

Барноны біз мақтан тұтамыз. Себебі ол спорттың пауэрлифтинг түрінен Азия құрлығы мен бүкіл әлемнің рекордын жаңартып, осы спорт түрінен әлемдегі ең мықты 10 спортшының көшін бастап келеді. Бұл – бүкіл қазақстандықтар үшін мақтаныш деп ойлаймын. Ол «2024 жылғы Азияның ең үздік спортшысы» атағын жеңіп алды.

Бұл күндері біздің спорт мектебінде жоғарыда есімдері аталған әлем чемпиондарымен қатар 10 жас спортшыны спорттың осы түріне жаттықтырып жүрмін. Олар алғашқы жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне бастады. Болашақта бәрі де үмітімді ақтап, әлемдік додаларда Қазақстанның көк байрағын аспанда желбіретіп, әнұранымызды шырқата беретіндігіне сенімдімін.

Бүгіндері ауыл мектебінде балаларды дене тәрбиесіне баулуда қыз балалар мен ер балаларды бірге спортқа баулитындықтан, мұғалімдердің сағат саны кеміп кетті. Осының өзі ұстаздардың шәкірттерін түрлі спорт түріне баулуға айтарлықтай кедергі келтіруде. Ашығын айтқанда, сағат санының кемуі, балаларды дене тәрбиесіне баулу кезінде уақытымыздың жетіспеушілігін анық білдіре бастады.

Т.ТАДЖИЕВ, жаттықтырушы. 

Ленгір қаласы.

ShareTweetPin
Next Post
Шаттандырған шырша той

Шаттандырған шырша той

Жерлесіміз академик атанды

Жерлесіміз академик атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті