Жаңа жыл қарсаңында төлебилік кәсіпкер Тасарық ауылдық округінде тұратын жалғызбасты анаға жаңа баспананы сыйға тартты. Тұрғын үй жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаевтың демеушілігімен бой көтерді. Жаңа үй тұрмысқа қажетті заттармен толық жабдықталып, сыртқы қоршауы да тұрғызылған. Жомарт пейілді жеке кәсіпкер осылайша көпке үлгі-өнеге көрсетті.
Жалғызілікті ананың қуанышына ортақтаса келген аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ізгі тілектерін жеткізіп, сыйлықтарын тарту етті.
«Төлеби-ақпарат».