tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

21 февраля, 2025
0

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!

Өздеріңіз білетіндей, елімізде былтырғы жылдың көктем мезгілінен бері мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық іс-шарасы іске асырылуда. Бұл бастама жалпы халықтық сипатқа ие болып, осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді.

Туристік аймақтар қатарына енген Төлеби ауданының тазалығы, экологиялық ахуалының жақсаруы біздің бірлескен еңбегімізбен жүзеге асады. Туған жеріміздің әлеуетін арттырып, көркейіп, дамуына баршамыз бірлесе еңбек етуіміз қажет.

Аудан аумағының тазалығы мен көркейту жұмыстарына атсалысу – бұл тек мемлекеттік қызметшілердің ғана емес, әрбір тұрғынның міндеті.

Сіздерді, табиғат жанашырларын жол бойларына, саябақтарға, қоғамдық орындарға қоқыс пен қалдықтарды тастамауға шақырамын. Барлығымыз бірлесе отырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз қажет. Табиғаттың тазалығын сақтау біздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпаңыздар!

Құрметті аудан тұрғындары!

Біздің басты мақсатымыз – ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ету, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру. Сондықтан, сенбіліктер мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, тазалық мәдениетімізді дамытуымыз қажет.

Осы жолда бірлесіп, аянбай еңбек етуге шақырамын!

ShareTweetPin
Next Post

Аппараттық мәжілісте

Көп балалы аналарға бір реттік көмек көрсетіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті