tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Тағайындау

Полиция бөлімінде – жаңа басшы

7 марта, 2025
0
Полиция бөлімінде – жаңа басшы

Түркістан облысы Полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Қабденовтың 2025 жылғы 3 наурыздағы №157 ж/қ бұйрығымен полиция полковнигі ҚУАШБАЕВ Ғалымжан Саттарұлы Түркістан облысы ПД Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Саттарұлы 1979 жылы 15 шілдеде Түркістан облысының Ленгір қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997 жылы Шымкент экономика және құқық колледжін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бухгалтерлік есеп, құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасы 1-полиция бөлімінде тергеуші болып бастап, 2003-2004 жылдары аға тергеуші, 2004-2006 жылдары аталмыш басқарманың 2-полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы, 2006-2007 жылдары Шымкент қаласындағы Абай аудандық ПД тергеу бөлімінің бастығы болып істеді.

2007-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайластық қылмысқа қарсы күрес Департаментінің Темірлан аймағы бойынша бастығының орынбасары, 2008-2012 жылдары Астана қаласындағы Алматы аудандық ПД тергеу бөлімінің бастығы, Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 2012-2017 жылдары көліктегі полиция департаменті ақпараттық-талдау орталығы бастығының орынбасары, бастығы, Орал станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы, Батыс Қазақстан облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары лауазымдарында қызметін атқарды. 2017-2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ПД криминалдық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары, экстремизмге қарсы күрес және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының бастығы болды. 2020 жылдың маусым айынан Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалғанға дейін Түркістан облысы, Ордабасы аудандық полиция бөлімін басқарды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Түлегіміз – ең үздік боксшы!

Түлегіміз – ең үздік боксшы!

Көктемнің  шуақты  мерекесі құтты  болсын!

Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті