tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Құттықтаймыз!

Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын!

7 марта, 2025
0
Көктемнің  шуақты  мерекесі құтты  болсын!

Ардақты аналар мен қыз-келіншектер, аяулы арулар!

Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты сәті, көктемнің шуақты мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемдегі барлық жақсылық пен ізгілік бірінші кезекте әйел қауымына тән. Әйел – ошағымыздың ұйытқысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі. Әйел-ана қашанда ер азаматтарды ерлік пен елдікке, бірлік пен бейбітшілікке жетелеуші, дара тұлға екендігі баршамызға аян. Сондықтан, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналардың қай елде, қандай қоғамда болсын орны ерекше.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен көпбалалы аналарға жағдай жасау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, ана мен бала денсаулығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өңірді әлеуметтік нысандармен, мектептермен, медицина нысандарымен қамту жұмысы да қарқынды. Демографиялық өсімі жоғары аймақта бұл жұмыстар жалғасын табады.

Төлеби ауданында 8 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның үштен бір бөлігі – қыз-келіншектер. Төлеби ауданында жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер – нәзікжандылар. Сонымен бірге қазақтың қайсар қыздары, ардақты аналары білім беру, медицина саласы, мәслихаттарда, жергілікті әкімдіктерде және өзге де салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Қоғамның сан саласында елге еңбек сіңіріп жүргендеріңіз үшін шынайы алғысымызды айтамын.

Даңқты жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді» деген сөзі бар. Сіздер мейірім мен сұлулықтың, ізгілік пен даналықтың қайнар көзісіздер.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұзақ өмір, баянды бақыт тілеймін! Отбасыларыңыз аман, әр күндеріңіз шуақты болсын! Қызғалдақтай құлпырған қарындастарымыз бақытты, бүлдіршін қыздарымыз аман болсын! Әр отбасыға береке, ынтымақ дарып, қуанышты күндер көп болып, шаңырақтар шаттыққа тола берсін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Е.Әлімқұлов.

ShareTweetPin
Next Post
Педагог ханымдарға құрмет

Педагог ханымдарға құрмет

Студенттермен кездесу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті