tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

20 июня, 2025
0
Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

Міне, санаулы күндерден кейін менің екінші үйіме айналған, өмірімнің қырық жылы өткен аудандық басылым – «Төлеби туы» газетінің 90 жылдығы аталып өтпек. Уақыт керуенінде «Сталин жолы», «Ленгір жұмысшысы», «Еңбек туы», «Ильич жолы» деп аталып, ауданымыздың атауы өзгеруіне байланысты «Төлеби туы» деген атауды абыроймен алып келе жатқан басылым ауданның айнасы, халықтың шынайы жаршысы болып келеді.

Газеттің 90 жылдық мерейтойын қарсы алып отырған шақта, қайнаған жұмыс кезіндегі сан алуан естеліктер жаңғырып, көңіл, шіркін, толқиды.

Қара шаңырақ – «Төлеби туы» газеті редакциясының табалдырығын алғаш аттаған күнім әлі есімде. Сол уақыттан бері редакторлар ауысып, қаншама тілшілер, жас мамандар келіп, түлеп ұшты. Ол кезде газет екі тілде шығатын. Жан-жақтан небір мамандар келіп жататын. Бірақ олар бізде ұзақ уақыт тұрақтамады. Нәтижесінде өзіміздің басылымға бейімделген, қиындыққа шыдай білетін, өз ісіне адал мамандар қалып жатты. Себебі газетіміздің бастауында, сонау 1935 жылдан еңбек еткен алдыңғы буыннан, тәжірибелі мамандардан тәлім-тәрбие ала білді.

Корректорлық қызмет – сырт көзге елеусіз көрінгенмен, үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Әр сөйлем, әр сөз, әр әріп – оқырманға баратын таза жол. Баспаға кетер алдында соңғы мәрте қарап, қате кетті ме, тыныс белгі дұрыс қойылды ма – бәрін мұқият тексеру – менің күнделікті дағдым еді.

Аптасына 3 рет шығатын уақытта кейде таңға дейін еңбек еткен сәттер де болды, бірақ ешқашан бұл жұмыстан жалыққан емеспін. Редакция мен үшін тек жұмыс орны емес, өмір мектебі болды. Осында жүріп кәсіби шеберлігімді арттырдым, адамдармен сыйластым, рухани өстім. Газет бетінде жарияланған әр мақалаға менің де үлесім бар екенін сезіну – үлкен бақыт еді.

Біз үлкен ұжым едік – 30-40 адам жұмыс істейтін. Әріптестерім – мықты журналистер, білімді де мәдениетті мамандар. Әбдіраш Сағындықов, Нүсрат Ахметов, Ғарифолла Шыбынтаев, Молдабек Дәулетбаев сынды майталмандар бізге тәлімгерлік етіп, газет мазмұнының сапалы, сауатты шығуына баса мән берді.

Бірлесе еңбек еттік. Уақытпен санаспай, демалыссыз жұмыс істесек те, ешкім «шаршадым» деп айтпайтын. Ол кезде газетіміз тікелей аудандық баспаханада басылатын. Уақыт ағымына қарай технология жаңарды, газет Шымкент баспаханасында басылатын болды. Бірақ газетке деген халықтың ықыласы азаймады. Себебі әрбір ауыл тұрғыны жаңалықты аудандық басылымнан іздейтін. Ең алдымен аудан жаңалықтарымен танысып, одан кейін облыстық, республикалық газеттерді оқитын.

«Төлеби туы» – жаңалық көзі ғана емес, қазақ тілінің жанашыры, жас журналистердің ұстаханасы болды. Бізден түлеп ұшқан жастардың көпшілігі бүгінде елге танымал журналист. Алдыңғы буын зейнетке шықты, кейбірі әлі де ақпарат майданында.

Уақыт өзгерді, бірақ «Төлеби туы» – әлі де әр үйдің төрінен орын алуы тиіс басылым. «Төлеби туының» ғұмыры ұзақ болғай! Қаламдарың ұштала берсін, әріптестер! Мерейтой құтты болсын!

Қалима АБДРАХМАНОВА,
«Төлеби туы» газетінің ардагері, зейнеткер.

Ленгір қаласы.

ShareTweetPin
Next Post
Мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекесін атап өтті

Мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекесін атап өтті

Төлебилік дзюдошылар – облыс чемпионатында жүлдегер!

Төлебилік дзюдошылар – облыс чемпионатында жүлдегер!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті