Маусым айының 14-і мен 19-ы күндері аралығында өткен «IQanat» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Төлеби ауданының оқушылары тамаша жетістікке қол жеткізді.
Көксәйек ауылындағы Жеңіс жалпы білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Жаналы Шұғыла Талғатқызы республикалық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, жартылай грант иегері атанды. Жас дарынның табысты өнер көрсетуіне үлес қосқан жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Шадиев Рустамбек Бегзатович.
Ал Момынай ауылындағы Момынай жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Әмірәлі Кәусәр Болатқызы биология пәні бойынша сынға түсіп, толық білім грантын жеңіп алды! Жетекшісі – сынып жетекшісі Артикбаева Айжан Сейдуалиқызы.
Жеңімпаз оқушыларымызды және ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын болашаққа жол ашатын бұл жеңістеріңіз – табанды еңбектің, сапалы білімнің жемісі. Еліміздің ертеңі өздеріңіздей білімді, алғыр жастардың қолында!
«Төлеби-ақпарат».