Жуырда Алматы қаласында 5-6-сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті. Нәтижесінде республикалық жарыста үстел теннисінен №119 Маятас жалпы білім беретін мектебінің оқушыларынан құралған команда жоғары шеберлік пен табандылық танытып, 1-орынды жеңіп алды.
Суретте: жеңімпаз оқушылар Ералхан Дулат, Асан Нұрасыл, Нұрлан Жансая және оларды жарысқа дайындаған жетекшілері Оразбаев Нұрлан.
«Төлеби-ақпарат».