tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жаңа технологиялардың балаға тигізер зардабы

17 июня, 2025
0
Жаңа технологиялардың балаға тигізер зардабы

Қазіргі заман – технология мен ақпарат ғасыры. Смартфондар мен ғаламтордың кеңінен таралуы өмірімізді едәуір жеңілдетті. Дегенмен осы жетістіктермен қатар кереғар келетін қауіп-қатер де жетерлік. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында танымал болған TikTok, Instagram, YouTube сынды әлеуметтік желілердің теріс әсері қоғамда алаңдаушылық тудыруда.

Бала психологиясы қалыптасу кезеңінде өте нәзік келеді. Олар сыртқы әсерлерге тез бейімделгіш, көргенін үлгі етіп қабылдауға бейім. TikTok секілді желілерде таралатын контенттің барлығы бірдей сапалы, тәрбиелік мәні бар деу қиын. Керісінше кейбір бейнероликтер агрессия, зорлық-зомбылық, шектен шыққан әзіл немесе адамгершілікке жат қылықтарды насихаттауы мүмкін. Мұндай мазмұн баланың ой-санасына кері әсер етіп, мінез-құлқының өзгеруіне, тәрбиелік бағытынан ауытқуына себеп болуы ықтимал.

Сонымен қатар, смартфон мен әлеуметтік желілерге тәуелділік те – маңызды мәселе. Балалар ұзақ уақытын телефон алдында өткізіп, шынайы өмірден алыстай түсуде. Бұл олардың денсаулығына (көру қабілетінің төмендеуі, омыртқа аурулары), әлеуметтік дамуына (достармен араласу қиындығы, жалғыздық сезімі), тіпті оқу үлгеріміне де теріс ықпал етеді.

TikTok-тағы түрлі «челлендждер» мен кейбір ойындар да балаларға қауіп төндіреді. Өзін дәлелдеуге немесе желідегі танымалдылыққа ұмтылған бала кейде өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге баруы мүмкін. Осындай оқиғалар әлемде де, елімізде де тіркеліп отыр
Сондай-ақ баланың жылағанын көрген ата-ана дереу мультфильм қосып береді. Бұл бала тілінің кеш шығуына әсер етеді. Себебі онда сөйлеу аз, тек іс-қимыл әрекетпен көрсетілген, мән мағына жоқтың қасы.

Мұндай жағдайлардың алдын алуда ата-аналар мен педагогтардың рөлі өте маңызды. Ең алдымен баланың интернет кеңістігінде не көріп, не тыңдап жүргенін бақылау қажет. Бірақ бұл бақылау сенімге негізделген, ашық әңгімеге құрылған болуы тиіс. Балаларға желідегі әрбір ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, өмірлік құндылықтардың тек виртуалды әлемде емес, шынайы ортада қалыптасатынын түсіндіру қажет.

Сондай-ақ ата-аналар балаларымен бос уақытты тиімді өткізіп, спорт, өнер, кітап оқу сияқты пайдалы іс-әрекеттерге баулыса, бұл олардың гаджеттерге деген тәуелділігін азайтуға көмектеседі.

Қорытындылай келе, технологиялық даму – тоқтамайтын үрдіс. Бірақ оның бала өміріне тек оң әсер етуі үшін саналы бақылау мен бағыт беру қажет. Смартфон мен әлеуметтік желілер – құрал ғана. Ол қалай қолданылады, соған қарай пайдасы не зияны анықталады.

Батырхан АХАЙ,
ҚазҰУ-нің ІІ курс студенті.

ShareTweetPin
Next Post
Төлебилік дарынды 100 бала «Эдельвейс» лагеріне жол тартты

Төлебилік дарынды 100 бала «Эдельвейс» лагеріне жол тартты

Жарты ғасырдан кейінгі кездесу

Жарты ғасырдан кейінгі кездесу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті