Сейсенбі күні «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ауданымыздың үздік, өнерлі, спортшы және дарынды 100 оқушысы табиғаты көркем Керегетас елді мекеніндегі «Эдельвейс» лагеріне жол тартты.
Бұл – білім мен өнерде, спортта жетістікке жеткен оқушыларға арналған үлкен қолдау. Лагерьде балаларға қызықты бағдарламалар, спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен табиғат аясындағы демалыс ұйымдастырылады.
Балалардың «Эдельвейс» лагеріндегі жазғы демалысы ұмытылмас, қызықты сәттерге толы болатынына сенім мол. Бала көңілі шаттыққа толса, ата-аналар мен ұстаздар қуанышты.
«Төлеби-ақпарат».