tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі: Балалардың болашағына инвестиция

21 мая, 2025
0

Қазақстанда балалардың жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейту және қаржылық қолдау көрсету мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе ата-аналарға балаларының білім алуына қажетті қаражатты алдын-ала жинақтауға мүмкіндік береді.

 

Жүйенің негізгі ерекшеліктері:

— бастапқы білім беру капиталы: 5 жасқа толған балаларға мемлекет тарапынан 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңге), ал жетім балаларға 120 АЕК (471 840 теңге) көлемінде біржолғы төлем беріледі;

 

— мемлекеттік сыйлықақы: Жыл сайын ата-аналардың салымдарына 5% (әлеуметтік осал топтар үшін 7%) мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы қосылады;

 

— инвестициялық кіріс: сақтандыру компаниялары мен банктер салымдарға қосымша инвестициялық табыс есептейді;

 

— салықтық жеңілдіктер: Ата-аналар жыл сайынғы салымдарының 10%-на дейін салықтық жеңілдіктер алады.

 

Қатысу тәртібі:

Ата-аналар екінші деңгейлі банктерде немесе сақтандыру компанияларында шот ашып, жыл сайын кемінде 12 АЕК (2025 жылы шамамен 47 184 теңге) мөлшерінде жарна төлеуі қажет.

 

Жинақталған қаражатты пайдалану:

Жиналған қаражатты жоғары оқу орындары мен колледждерде оқу ақысын төлеуге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе үшінші тұлғаларға аударуға болады.

 

Жүйенің артықшылықтары:

Білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғаныстарының болуы. Қаражаттарды жинақтаушы ата-анамен күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда (1 немесе 2 топтағы мүгедектік, нәтижесінде еңбекке қабілеттілігін жоғалту немесе қайтыс болу) шарт бойынша сақтандыру жарналары тоқтатылады, бірақ сақтандыру мерзімінің соңында бала, кәмелеттік жасқа толғанға дейін қажетті жинақты алады.

Бала 5 жасқа толған кезінде, бірақ 6 жаста емес, мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын алу (халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 120 АЕК).

Бала 18 жасқа толған кезде жинақталған соманы ұлғайту мақсатында білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша барлық қолда бар жинақтарды және Ұлттық қорда жинақталған барлық жинақтарды біріктіру мүмкіндіктері, бұл білім алуға жинақталған қаражаттың көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Қосымша мүмкіндіктер:

«Келешек» жүйесіне қатысушылар кейбір жоғары оқу орындарында оқу ақысына жеңілдіктер ала алады. Мысалы, Сәтбаев университеті жүйе қатысушыларына 20%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктер ұсынады.

 

«Келешек» жүйесі – балалардың білім алуына қаржылық қолдау көрсетудің тиімді құралы. Ата-аналар үшін бұл – балаларының болашағына сенімді инвестиция.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
«TURKISTAN ROBO CUP 2025» республикалық турнирі

«TURKISTAN ROBO CUP 2025» республикалық турнирі

Ауылда жаңа спорт кешені ашылды

Ауылда жаңа спорт кешені ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ротация тәртібімен

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті