tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Тағайындау

Ротация тәртібімен

14 февраля, 2025
0
Ротация тәртібімен

Төлеби ауданының әкімі Е.Әлімқұловтың 2025 жылғы 6 ақпандағы №51 өкімімен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 41-бабына, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары туралы қағиданың 17 және 20-тармақтарына сәйкес ЖАНҒАЗИЕВ Бағдатбек Пердебайұлы 2025 жылдың 7 ақпаны күні ротация тәртібімен Төлеби ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол 1984 жылғы 7 ақпанда қазіргі Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетін тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

2006–2007 жылдары Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінде жетекші маман, Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман;

2007–2016 жылдары Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы – кадрлық қызмет жетекшісі, Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы;

2016–2017 жылдары Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2017 жылдан бастап Төлеби ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

***

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметін 2012 жылдан осы күнге дейін атқарып келген Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы ротация тәртібімен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауысты.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Халықаралық турнирде – күміс

Халықаралық турнирде – күміс

Депутат жолға тас төсетті

Депутат жолға тас төсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті