tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Тағайындау

Аудан әкімі аппарат басшысы тағайындалды

6 мая, 2025
0
Аудан әкімі аппарат басшысы тағайындалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның 2025 жылғы 24 сәуірдегі №2/8 хаттамасы және еңбек шарты негізінде Амалбек Дәркенұлы Өміртай 2025 жылғы 2 мамырдан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін бірінші қол қою құқығымен Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.

Амалбек Дәркенұлы 1994 жылғы 10 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бітірген, осы оқу орнында магистратурада білім алып, 2017 жылы магистр дәрежесін иеленген.

Еңбек жолын 2015 жылы 10 қыркүйекте «ПетроҚазақстан» АҚ-ның кадр және құжат айналымы бойынша инспекторы болып бастаған.

2017-2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастық басқармасының сарапшысы; Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде директордың орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушы; «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалы директорының міндетін атқарушы; Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы; Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы; «Қаратау саяхат» ЖШС атқарушы директоры болып еңбек еткен. 2023 жылғы 1 қыркүйектен Төлеби ауданы әкімі аппараты басшысы қызметіне келгенге дейін Астана қаласындағы «ҚР Ұлттық музейі РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

«Мархабат оқулары»

Кикбоксерлар жетістігі

Кикбоксерлар жетістігі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті