tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Мархабат оқулары»

6 мая, 2025
0

Біз, қазақтар өзімізді жылқы мінезді халықпыз дейміз. Қазіргінің қазақтары жылқының етін, қазысы мен қартасын жеп, қымызы мен саумалын ішіп алып өздерін жылқы мінезділердің қатарына санап жүр. Бірақ, олай емес, ақиқатын айтсақ, олардың бірінің бойынан жылқыға тән мінезді емге таппайсыз.

Жылқы мінезді болу үшін тұлпар баптап, оның шөбін, жемі мен суын уақтылы беріп, көкпар шауып, бәйгеге жүйрік қосып, желіге құлын байлап дегендей қолыңыздан күнде жүгеніңіз бен шылбырыңыз, құрығыңыз түспеуі керек. Нағыз қазаққа тән жылқы мінезін сонда ғана бойыңызға сіңіре аласыз. Сонау қар жамылған өлкедегі саха ағайындар мұздың он бір түрінің, ал жүйрік мінген қазақтар жылқының отызға тарта түрінің түсін ажырата алады екен. Соның ішінде ең сирек ұшырасатын жылқы түрі – ақтаңгер.

Қазақ прозасына басқа ешкімге ұқсамайтын өз үнімен келген Мархабат Байғұт ағамыз қазақ әдебиетінің нағыз ақтаңгері болатын. Бүгіндері арамызда жүргенде Мархабат ағаның 80 жасқа келген мерей жасын өзімен бірге атап өткен болар едік.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының, «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы М.Байғұт өзінің ең алғашқы шұрайлы әңгімелерімен әдебиетсүйер қауымның жүрегін жаулап алған нағыз ақтаңгердің өзі болатын. Ол қазақ журналистикасын да биік белеске көтеріп кетті.

Бүгіндері Түркістан облысында жазушының туғанына 80 жыл толуына орай «Әдебиет әлемінің ақтаңгері» деген тақырыпта Мархабат оқуларының байқауы өтуде.

Ауданда жеңімпаз атанған үміткерлер облыстық байқауда бақ сынайды. Төрт кезеңнен тұратын бұл байқауды аудандық орталықтандырылған кітапхана кітапханашылары аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырып, өткізді.

Бірінші кезеңге қатысушылар М.Байғұт шығармаларынан иллюстрациялық сурет салудан, екінші кезеңге қатысушылар жазушы шығармаларын мәнерелеп оқудан өзара бақ сынасты. Үшінші кезеңде сынға түсушілер қаламгердің жарық көрген мақалаларына зерделеу жоба жұмыстарын қорғады. Төртінші кезең бойынша жазушы шығармаларынан көрерменге сахналық қойылым көрсетті.

Ашығын айту керек, кейбір үміткерлер байқауға дайындықсыз келгені байқалып қалды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қазылар алқасының шешімімен бірінші кезең бойынша Бірінші Мамыр ауылдық кітапхансының оқырманы 9-сынып оқушысы Гауһар Ералхан, екінші кезең бойынша Ленгірдегі арнайы дарынды балалар мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Айару Тұрдыбек, үшінші кезең бойынша қалалық кітапхананың оқырманы, 10-сынып оқушысы Нұрбибі Жүніс, төртінші кезең бойынша Қайнар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұржамал Амангелдиева жеңімпаз деп танылып, Түркістан қаласында өтетін облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, байқауға белсене қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры С.Шишкинаның Алғыс хаттары табыс етілді.

Байқауға қатысушылар мен көрерменге аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары халық әндерін тарту етті.

Ә.МОНТАЕВА,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.

ShareTweetPin
Next Post
Кикбоксерлар жетістігі

Кикбоксерлар жетістігі

Ауданның үздік логотипі конкурсы өтті

Ауданның үздік логотипі конкурсы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті