Жуырда Алматы қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам жасөспірім кикбоксерлар жиналды.
Әр облыстың кикбокс чемпиондары мен жүлдегерлері жиналған тартысты жекпе-жек сайысына Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Түркістан облыстық құрама командасының сапында өнер көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда:
— Абрамян Жасмин 60 кг – І орын;
— Бекетай Балтабай 39 кг – ІІІ орын;
— Алимадин Дина 40 кг – ІІІ орын.
Осылайша шәкірттеріміз еліміздің чемпионатында жүлде қоржынымызға 1 алтын, 2 қола медаль салып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Шәкірттерімізді және жаттықтырушылары Рақымжан Тасболатовты, Әли Қожамсүгіровті, Нұркен Өтебаевты Қазақстан Республикасының чемпионатында қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта шәкірттеріміз Азия және Әлем чемпионаттарына жан-жақты дайындықпен барып, көк туымызды биікте желбіретеді деп сенеміз!
Н.КЕНБАЕВ,
аудандық №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.
Суретте: жеңімпаз және жүлдегер шәкірттеріміз бапкерлерімен бірге.