tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Шабытымның асқары – тамсандырған ауылым!»

6 мая, 2025
0
«Шабытымның асқары – тамсандырған ауылым!»

Өткен аптада Момынай ауылдық мәдениет клубында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Шабытымның асқары – тамсандырған ауылым!» атты шығармашыл балалардың сурет байқауы өтті. Байқауға аудан мектептерінен 30-ға жуық оқушы қатысты. Байқаудың 1-кезеңінде балалардың еркін тақырыпта салып келген бейнелеу өнері туындылары сарапқа салынса, екінші кезеңде жас суретшілер өздеріне берілген уақытта «Шабытымның асқары – тамсандырған ауылым!» тақырыбында әртүрлі техникада (кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника) сурет салды.

Шығармашыл балалардың қылқаламынан шыққан туындыларға Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің оқытушылары: ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Дизайн» бөлімінің меңгерушісі Тастанбеков Асылбек Әмірбекұлы мен оқытушы-модератор, өнертану ғылымдарының магистрі Исаева Назым Мархабақызы қазылық жасады.

Ең үздік деп танылған шығармалардың авторлары жүлделі орындарға ие болды. Олар: І орын иегері – Балықбаев Әділет (суретте ортада), екі ІІ орынның бірі – Чищенко София, екіншісі – Ералхан Гаухар, ІІІ орынға ие болғандар – Сәрсен Шұғыла, Тойымбет Мерей, Сапар Балнұр. Жүлдегер оқушыларға дипломдар мен аудандық мәслихат депутаты Сәкен Мәженовтің демеушілігімен естелік сыйлықтар табыс етілді. Олардың ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды. Ал байқауда өнерімен дараланып, белсенділік танытқан оқушыларға сертификат табысталды.

Ғ.Тағаев,
Момынай жалпы білім беретін
мектебінің мұғалімі.

ShareTweetPin
Next Post

ЕЛІН ҚОРҒАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті