tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

31 января, 2025
0
Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бап, 2-тармақ, 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бекітілген кестеге сәйкес депутаттардың өз округтері бойынша сайлаушыларымен кезекті кездесуі сейсенбі күні Киелітас ауылдық округінде өтті.

Сұлтанрабат жалпы білім беретін мектебінде өткен басқосуда №12 сайлау округінің депутаты Ерболат Жабаев, №13 сайлау округінің депутаты Дилмурат Омаров және №17 сайлау округінің депутаты Белес Рысбаев (суретте) сайлауалды бағдарламаларының орындалуы, тұрғындармен кездесулерде көтерілген түрлі мәселелердің шешілу барысы мен ұсыныс-тілектердің іске асырылуы және басқа да атқарылып жатқан жұмыстар туралы сайлаушыларды хабардар етті.

Сұрақ-жауап форматында жалғасқан кездесуде округ тұрғындары жайылым жерлерді қайтару, түнгі жарық, көпір, Сауран көшесіне суағар (лоток) орнату сынды және басқа да мәселелерді ортаға салды.

Мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров кездесуде қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған өтініш-тілектердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Үздіктер – «Тау самалында»

Үздіктер – «Тау самалында»

Командалық есепте – І орын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті