tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Командалық есепте – І орын

31 января, 2025
0

Жетісай қаласында қаңтар айының 21-і мен 25-і күндері аралығында еркін күрестен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер мен 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен Түркістан облысының чемпионаты өтті. Облысымыздың барлық аудандарындағы спорт мекемелерінен 300-ден астам жас боз кілем шеберлері жиналған спорттық жарыс өте тартысты өтті. Айтулы додада аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Валиев Зейтхан (51 кг) І орынға табан тіреп, алтыннан алқа тақса, Махамбетәлі Дастан (+85 кг) ІІ орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды. Бес шәкіртіміз ІІІ орыннан көрініп, қола медальға ие болды, олар: Валиев Мавлюд (38 кг), Ержан Дінислам (44 кг), Асанбай Айдос (48 кг), Мажидов Ороч (45 кг), Валиев Салих (68 кг).

Осылайша шәкірттеріміз 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жүлде қоржы-нымызды толықтыра түсті. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Облыс біріншілігінің жалпы қорытындысы бойынша Төлеби ауданының жас палуандары 4 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен командалық есепте І орынға ие болып, арнайы кубок Төлеби ауданы командасының жетекшісі, әріптесіміз Саурбаев Мүтанға табысталды. Сонымен қатар жеңімпаз және жүлдегер атанған шәкірттеріміз алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасының чем-пионатына қатысатын болды. Шәкірттерімізді және жаттықтырушыларымыз Саурбаев Мүтанды, Тастанов Муслимді, Шөкебаев Шадиярды, Қалшабек Байдәулетті облыс чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтаймыз! Еліміздің чемпионатына тыңғылықты дайындықпен барып, биік тұғырдан көрінеді деп сенім артамыз.

Н.КЕНБАЕВ,
аудандық №3 балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

ShareTweetPin
Next Post
Жаңа әкім, жаңа ұсыныстар

Жаңа әкім, жаңа ұсыныстар

Шебердің қолы алтын

Шебердің қолы алтын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті