tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Аудан әкімінің қабылдауында

24 января, 2025
0
Аудан әкімінің қабылдауында

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Тұрғындар көтерген мәселелерді жауапты сала басшыларымен бірге зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

Жеке қабылдауға Көксәйек, Кемеқалған, Киелітас ауылдық округтері, Ленгір және Шымкент қалаларының азаматтары келді. Тұрғындар тұрғын үй, екі ауыл арасын жалғайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол, ойын алаңшасын орнату, көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, кітапхана құрылысы, түнгі жарық шамдарын қою, жер, электр жарығына қатысты өтініштер де қаралды. Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға жұмыс ұсынылды. Кәсіпкер өзіне тиесілі жердің нысаналы мақсатын өзгертуді сұранса, инвестор инвестициялық жобасын таныстырды.

Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, шешілуін өз бақылауына алатынын айтты.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімі жүргізеді. Қабылдауға е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөліміне келіп, жазбаша өтініш тастау және телефон арқылы жазылуға болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetPin
Next Post
Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Үздіктер – «Тау самалында»

Үздіктер – «Тау самалында»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті