tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Облыс чемпионатының жүлдесі

24 января, 2025
0
Облыс чемпионатының жүлдесі

Қаңтардың 18-20-сы күндері Кентау қаласында Бекзат Саттарханов атындағы №1 БЖСМ спорт кешенінде 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан Түркістан облысының чемпионаты өтті. Дүбірлі сайысқа облыс көлеміндегі барлық спорт мекемелерінен 300-ге жуық жас самбошылар қатысты. Аламан бәйгеде аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де өз өнерлерін көрсетті.

Шәкіртіміз Тілеуберді Сапаржан 88 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға қол жеткізіп, чемпионаттың күміс медаліне ие болды. Чемпионаттың жүлдегер спортшылары Түркістан қаласында ақпан айының 5-9-ы күндері өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдамаға ие болды.

Ал қыздарымыз Ұзақбаева Ақжібек 44 кг салмақта, Ахметова Салтанат 78 кг салмақта Азия чемпионатының жүлдегерлері әрі Түркістан облысының чемпиондары болғандықтан, республикалық чемпионатқа ешқандай іріктеусіз-ақ қатысатын болды.

Шәкірттерімізге және жаттықтырушылары самбодан Әлем чемпионы Мәди Нәбиевке алдағы уақытта болатын ҚР Чемпионатында сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тағуларына тілектеспіз!

Н.КЕНБАЕВ,
аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

ShareTweetPin
Next Post
Аудан әкімінің қабылдауында

Аудан әкімінің қабылдауында

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті