tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ғасыр құрдастарын құттықтады

17 января, 2025
0

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Көксәйек ауылдық округіндегі 100-ден асқан қазыналы қариялардың шаңырағында болып, ақ тілегін білдірді:

– Ұрпағыңыз үмітіңізді ақтап, мерейіңізді өсірер мақтанышыңызға айналсын. Алланың берген жасын мазмұнды да мағыналы өткізуге, немере, шөбереңіздің қызығын көре беруіңізге тілектеспін. Жанұяңызға құт-береке, деніңізге саулық тілеймін, – деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.

Қаңтар айының алғашқы күні дүниеге келген Құралай Оразбаева 105 жасқа, 15 қаңтар күні Пернекүл Бектемірова 101 жасқа толды.

Жастық шақтары сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келіп, азапты күндерді бастан өткерген, қара жұмыспен шыңдалған әжелер бүгінде ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Ақ жаулықты кейуаналар туған күндерімен арнайы құттықтап келген аудан басшысы Еркеғали Амантайұлына алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

Жалпы, ауданымызда жүз жасаған 10-ға жуық қария бар.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Ағылшын тілін үйренуде

Әлеуметтік нысандардың жай-күйін зерделеді

Әлеуметтік нысандардың жай-күйін зерделеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті