tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Чемпиондар не дейді?

5 июня, 2025
0
Чемпиондар не дейді?

Чемпион болу – тек жеңіс емес, ол адамның ерік-жігері мен мінезінің шыңы. Бұл жылдар бойғы тынымсыз еңбек пен өзіңді өзің жеңудің нәтижесі. Чемпион болу ең алдымен мақсат қоюдан басталады. Жай ғана армандау жеткіліксіз. Нақты бағыт, сенім және табандылық қажет. Бұл жолда күнделікті жаттығу дағдыға айналған әдет болуы тиіс. Себебі әрбір қадам – үлкен жеңіске апаратын баспалдақ.

Тәртіп пен өзін-өзі бақылау – нағыз спортшының серігі. Дұрыс тамақтану, уақытылы демалу, зиянды әдеттерден бас тарту – бұл жай шектеу емес, мақсатқа жетудің шарты. Ал жеңіліс – тоқтау емес, өсу мүмкіндігі. Чемпион әр құлаған сайын күш-жігерін жинап қайта тұрады. Бапкердің бағыт-бағдары, отбасының қолдауы да спортшыға дем береді. Жеңіс – жеке күштің ғана емес, ұжымдық сенімнің жемісі.

Мәди НӘБИЕВ, дзюдо мен самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дзюдо мен самбо күресінен Шеберлер арасындағы әлем чемпионы:

«Мен үшін әлем чемпионы болу – ақталған еңбек, төзімділік, мақсатқа ұмтылудың нәтижесі. Халықтың үкілеген үмітін ақтау жолында сүрініп, қайта тұрар сәттер болады. Сол сәтте ес жинап, бой түзеуіме септігін тигізген Бауыржан Момышұлының мінезі мен ұстанымы. Бұл нағыз жігіт бойынан табылуы қажет.

Жеңіс тұғырына шығып, көк туымыз көкке көтеріліп, алтын жүлдені қанжығаға байлап, Әнұранымызды зор тебіреніспен шырқаған сәтті ешбір сезіммен айырбастамас едім. Менің жеңісім – елдің жеңісі».

Әбіш ПЕРДАЛЫ, дзюдодан Қазақстан чемпионы:

«Спортта жоғары нәтижеге жету үшін алға өрлеу қажет. Айтуға оңай болуы мүмкін. Бірақ адам оны спортпен айналысқанда ғана түсінеді. Мен жаттығу залына уақытылы баруды дағдыға айналдырдым. Дегенмен түрлі жарақаттар кедергі болды. Менің жетістікке жететініме сенім білдірген бірден-бір жан – ол менің әкем. Жеңіске жету бала кезден арманым болғандықтан, түрлі сыннан сүрінбей өтуге көмектесті. Міне еңбегім еш кетпей, дзюдодан Қазақстан чемпионы болдым».

Сұхбаттасқан
Батырхан АХАЙ,
ҚазҰУ журналистика факультетінің
II курс студенті.

ShareTweetPin
Next Post

Қала мен ауылдық округтердің бюджеттері толықтырылды

Құрбан айт құтты болсын!

Құрбан айт құтты болсын!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті