tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Рухани қазына – жан азығы

Құрбан айт құтты болсын!

5 июня, 2025
0
Құрбан айт құтты болсын!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Қадірлі мұсылман қауым, құрметті төлебиліктер!

Сіздерді исі мұсылман баласының ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт қабыл болсын!

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.

Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл 2025 жылы елімізде Құрбан айт мейрамы 6, 7, 8 маусым күндері аталып өтіледі, яғни осы күндері аралығында ниет еткен құрбандығыңызды шалып, сауапты амал жасай аласыз.

Мейрамның бірінші күні мұсылмандар ертерек тұрып, жуынып, таза киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді. Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса, кешіріп, татуласады.

Ораза айт намазында таңертең мешітке барар алдында үйден құрма секілді тағамдардан дәм татып шыққан абзал болса, Құрбан айтта, керісінше, нәр татпай шыққан дұрыс. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол күнгі оразасын жаңа сойылған құрбан етімен ашқанды құп санаған. Айт намазынан кейін шамасы келетін мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбандық шалады. Оның етін тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Садақа береді. Құрбан айт намазынан кейін барлық мұсылман ағайын-туыстарға, дос-жарандары мен көрші-қолаңға «Айт қабыл болсын!» айтып, мерекесімен құттықтайды. Үйлерге кіріп, құран оқып, тілек тілейді. Бір-біріне сыйлық беріп, мерекелік көңіл-күйде жүреді, айттық сұрайды. Қазақ айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанның бетін ешқашан қайтармаған. Ренжісіп қалған адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, қайта табысады. Әр шаңырақта қазан асылады, бауырсақ пен шелпек пісіріп, мол дастарқан жайылады. Сырқат кісілердің көңілін сұрау, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға айттың қуанышын сездіру де сауабы мол іске жатады.

Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса, ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес», «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемесең, мейлінше шынайы мұсылман бола алмайсың», «Шын мәнінде мұсылмандар бір-біріне бауыр» деген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.

Қадірлі жерлестер!

Салт-дәстүріміз бен ата-баба өсиетін жанға азық еткен күллі Қазақстан жұрты үшін осындай сауапқа толы мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, пайдалы амалдармен өткізуді нәсіп еткей.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Төлеби ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері биыл да Алланың қалауымен жақсылықта жарысып ниет етіп құрбандық шаламын дейтін жомарт жандарға қолдау көрсетіп, мешіт жанынан ашылған арнайы малды құрбандыққа шалу орындарында қызмет етіп және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратуға жәрдемдесетін болады.

Биыл Құрбан айт намазы маусым айының 6-жұлдызына сәйкес келіп отыр. Алла Тағала нәсіп қылса, таңғы сағат 6-00-де барлық аудан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылады.

Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Жаратушы Жаббар иеміз Алла тағала шалған құрбандықтарымыз бен жасаған игі амалдарымызды қабыл еткей! Әмин!

Ү.СӘУІРБАЕВ,
Төлеби ауданының бас имамы.

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті