Апта басында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс, XXVI сессиясы болып, депутаттар Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22/122-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізді.
Сессияда аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беріліп, аудандық мәслихаттың бұрынғы шешімдерімен бекітілген 5 комиссияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Ауданда ұлтаралық қатынастар және бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстар жайлы мәселе қаралды.
Ауданда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның орындалу барысы талқыланды.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды.
«Төлеби-ақпарат».