Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-орынды иеленіп, керемет жетістікке қол жеткізген Ибрагимова Севинч пен Төлеген Ілиясты арнайы қабылдады.
Қала әкімі чемпиондарды құттықтап, Алғыс хатын табыстады. Аудандық мәслихат депутаты Жанғали Мәуленов те жүрекжарды лебізін білдіріп, жас чемпиондарға алдағы жауапты додаларда да сәттілік тіледі.
Бұл жеңіс – табандылық пен тынымсыз еңбектің жарқын жемісі! Жеңіс тұғырынан көрініп, өңіріміздің, Төлеби ауданының атын шығарып жүрген спортшыларға әркез сәттілік тілейміз!
«Төлеби-ақпарат».