tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Еңбек адамы

Шәкірттерімен мерейі үстем

16 мая, 2025
0

Ұстаз туралы ұлылардан қалған даналық тұжырымдар, нақыл сөздер аз емес.  Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқанов: «Мұғалім деген ат – қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім» десе, жазушы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Зейнолла Қабдолов «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе» деп мұғалім мамандығының қадір-қасиетін ерекше атап көрсеткен.

Осындай абыройлы да ардақты мамандық иелерінің бірі Эльмира Турабаева «Үздік мұғалім» атанған. Қаладағы №1 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен дәріс беретін ұстаздың ауданда үздіктер қатарынан көрінуі жайдан-жай емес. Эльмира Әскербекқызының шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық білім бәйгелерінде жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Ал шәкірт жетістігі  ұстаздың кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі екені даусыз. Мәселен, 2022 – Балалар жылында қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі болуына ықпал ету, Қазақстандағы түрлі этнос балаларының мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысын арттыру мақсатындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың жүйрік» республикалық ағартушылық жобасына қатысқан  Эльмира Әскербекқызының шәкірті 3-сынып оқушысы Ульяна Почанина «Ертегілер әлеміне саяхат» бағыты бойынша 1-орынды жеңіп алды. Ал ұстаздың өзі жеңімпаз шәкірттің жетекшісі ретінде Алғыс хатпен марапатталды. Бұл байқауға республикамыздың барлық өңірінен мемлекеттік тілді еркін меңгерген 5–12 жас аралығындағы 531 бала 4 бағыт бойынша бақ сынады.

Бұған дейін де әр жылдары түрлі байқаулар мен олимпиадаларда шәкірттері жеңіс тұғырынан түскен емес. Анаш Мадихан есімді шәкірті облыстық Махамбет оқуларының жүлдегері болса, Арқат Сәрсенбай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты, Мәшһүр Жүсіп оқуларының облыстық, республикалық кезеңдерінің бас жүлдегері. Қонысбек Ардана – республикалық «Жас дарын – 2021» байқауының жүлдегері. Сонымен қатар Эльмира Турабаева ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарын да дайындаған. Оның Андас Әділет, Сәбит Динара, Шадымаханбет Гүлдана сынды шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерде жеңіс тұғырынан көрініпті. Байниязова Жания, Тастанбек Жанерке, Әбдіхан Аяулым есімді оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен аудандық олимпиадада жеңімпаз атанған. «Қазақтың нұры – Абайдың жолы» облыстық байқауында шәкірті Асланбек Ернұр ІІ орыннан көрінсе, оқушысы Асланбек Ернұр – І республикалық Абай оқуларының жеңімпазы.

Оқушылардың әдебиетке қызығушылығын оятып қана қоймай, оларды түрлі байқауларға дайындап, жүлдегерлер қатарына қосу үшін қаншама еңбек сіңіру керектігі айтпаса да түсінікті.

Эльмира Әскербекқызы өзі туып-өскен Қайнар ауылындағы Карл Маркс атындағы (қазіргі Қайнар) орта мектепті 1989 жылы бітірген. 1990 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтына оқуға түскен.

Үздік мұғалім – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші.

Э.Турабаева «Жылдың үздік мұғалімі атанғаным еңбегімнің бағаланғаны деп білемін. Бұл марапат өз жұмысыма бұрынғыдан да жоғары жауапкершілікпен қарауға міндеттейді әрі десе ерекше құлшыныспен атқаруға жігерлендіреді» дейді.

 

А.ИМАНАЛИЕВА.

ShareTweetPin
Next Post
Гаухар Ералхан – Гран-при иегері

Гаухар Ералхан – Гран-при иегері

Жеңіс 1 пайыз дарынмен, 99 пайыз еңбекпен келеді

Жеңіс 1 пайыз дарынмен, 99 пайыз еңбекпен келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті