tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Артериялық гипертензияның қаупі

2 мая, 2025
0

Артериялық гипертензия (жоғары қан қысымы) – қан қысымының 140/90 мм сын.бағ. және одан жоғары көрсеткіште тұрақты түрде жоғары болуы. Бұл – қазіргі кезде әлемде ең көп таралған аурулардың бірі, ол ұзақ уақыт бойы емделмесе жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия), жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі және олардың асқынулары (инсульт, миокард инфарктісі) сияқты қан айналымы жүйесі ауруларының дамуына әкеледі. Сұлтанрабат дәрігерлік амбулаториясында 6000 адам тіркелген, оның ішінде артериялық гипертензиямен 500-ге жуық науқас, біздің учаскеде 127 адам есепте тұрады.

Артериялық гипертензияның негізгі себептері:
– тұқым қуалаушылық;
– артық салмақ, қозғалыссыз өмір салты;
– тұзды көп қолдану;
– шылым шегу, алкоголь;
– стресс, жүйке шаршауы.

Белгілері:
– бас ауруы, әсіресе самай тұсында;
– бас айналу, жүрек айнуы;
– тез шаршағыштық;
– жүрек соғысының жиілеуі.

Асқынулары:
– инсульт;
– жүрек жеткіліксіздігі;
– ми қан айналымының бұзылуы;
– бүйрек зақымдануы.

Алдын алу жолдары:
– дұрыс тамақтану (тұзды азайту, көкөніс-жемістер тұтыну);
– қозғалыс, дене белсенділігі;
– зиянды әдеттерден бас тарту;
– стрессті басқару;
– қан қысымын үнемі бақылап тұру.

Гипертензияға қарсы (дәрілік) терапия – жүрек-қантамырлары асқынуларының даму қаупін азайтуға көмектесетін қан қысымының деңгейін төмендетуге және тұрақтандыруға бағытталған белгілі бір препараттар кешенін қабылдау. Дәрігердің барлық ұсыныстарын қатаң сақтаңыз. Қан қысымының тұрақталуына қарамастан, дәрі-дәрмек қабылдауды тоқтатпаңыз, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіңіз және өз дәрігеріңізбен байқаған өзгерістерді талқылап отырыңыз.

Б.МАМАЕВА,
Сұлтанрабат дәрігерлік амбулаториясының медбикесі.

ShareTweetPin
Next Post
Нұрғиса ІІІ орынға ие болды

Нұрғиса ІІІ орынға ие болды

Аудан әкімі аппарат басшысы тағайындалды

Аудан әкімі аппарат басшысы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті