tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы

Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – қоғамның басты міндеті

29 апреля, 2025
0

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Ондағы мақсат: «Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек», – деді қаңтардағы «Ана тілі» газетінің тілшісіне берген сұхбатында.

Осыған орай, өз пікірімізді айта кеткенді жөн көрдік. Мектепте еңбек технологиясы пәні оқытылады. Алайда ол теория жүзінде оқытылғанымен, өмірмен, практикамен ұштаспайды. Еңбек пәнін оқытудың сапасын арттыру үшін материалдық-техникалық базасын жақсар туымыз керек. Бұрындары Кеңес үкіметі тұсында ауылдық жерлердегі мектептерде ер балаларды ағаш ұсталыққа, слесарьлыққа, механизаторлыққа, жүргізушілікке, ал қыздарды тігіншілікке, аспаздыққа, қолөнерге оқытып, үйрететін. Бітірушілерге право (куәлік) берілетін. Мұны бітірген мектеп түлектері жоғары оқу орнына оқуға түсе алмаса, осы мамандықтар бойынша жұмысқа орналасатын. Ал қалаларда өндірістік комбинат жұмыс істеп, одан мектеп оқушылары түрлі жұмысшы мамандықтарын алып шығатын. Бұл жүйе тәуелсіздік жылдары бұзылды. Қарапайым мамандықтарға дайындамағандықтан, жастар арасында ондай жұмысшы мамандықты менсінбеушілік көзқарас пайда болды. Жаппай жоғары оқу орнына түсуге ұмтылды. Осыдан барып қоғамда қарапайым жұмысшы мамандыққа деген зәрулік туындады. Сондықтан мектептегі еңбек технологиясы пәнінің материалдық базасын жабдықтап, түрлі мамандыққа баулуды мектеп қабырғасынан бастап дайындауға көңіл бөлу керек. Әйтпесе балаларымыз ақсаусақ, өмірге икемсіз болып өседі. Өмірден өз орнын таба алмай, қағажу көреді.

Қазір адамдардың бәрі бірдей емес, көпшілігі шөптің басын сындырмайтын еріншек, жалқау болып барады. Ауласындағы үйіргелік жеріне ештеңе екпегендіктен, арамшөп, сора, алабота басып, құлазып жатады. Сол жерлерге бау-бақша ексе, біраз күнкөріс нәпақасын табар еді. Мал асырап, сиыр сауып, май шайқаса, құрт қайнатса, нан жапса, осы өнімдерді өзі дайындаса, отбасылық бюджетін үнемдер еді. Бірақ өйтпейді. Барлық азық-түлік өнімдерін дүкеннен сатып алуға әбден үйренген. Сол себепті кедей тұрады. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзі тұтынатын азық-түлікті өздері дайындап алды емес пе? Бірақ бүгінгі ұрпақтары оны ұмыта бастаған. «Аулаңдағы жеріңе неге бақша өнімдерін екпейсің?», – десең, ағын судың тапшылығын, тағы басқаны сылтауратады. Оны көрген балалары да шаруаға қырсыз болып өседі.

Қазір ауылда күрек, кетпен ұстап, егін егетін, бақша өнімдерін өсіретін, шалғы орақ ұстап, шөп шабатын жастарды сирек ұшыратасың. Мал табуды, байлық құрауды алыстан, шеттен іздейтін болған. Табан аяғы астындағы байлықты көрмейді. Маңдай терді тамшылатып еңбек етуді ар көреді. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүргісі келеді. Осының бәрі баланы жастайынан еңбекке үйретпегендіктен болады деп білемін.

Кейін ержетіп, отбасын құрғанда, не істерін білмей, тығырыққа тіреліп, отбасын асырауға шамасы келмейді. Ал ауыл әкімдері ауыл тұрғындарының үйіргелік жерінің бос жатпауын қадағалап, оған қажетті ағын су, т.б. мәселелерді шешіп беріп, әрбір отбасының өздері азық-түлік өнімдерін дайындауына ұйытқы болуы керек-ақ.

К.ЕЛІКБАЕВ.

ShareTweetPin
Next Post
ЖУРНАЛИСТЕР  БЕСІГІ   немесе  ЕСТЕЛІКТЕР  ЛЕГІ

ЖУРНАЛИСТЕР БЕСІГІ немесе ЕСТЕЛІКТЕР ЛЕГІ

Артериялық гипертензияның қаупі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті