tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Бірлік – бауырластық негізі

25 апреля, 2025
0
Бірлік  –   бауырластық  негізі

Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді.

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуе­жайынан қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұха­медов түркітілдес елдерге ортақ ең көр­некті рухани және тарихи-мәдени ескерт­кіш­тердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ен­ен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағ­зым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесе­не­де жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Түрік­мен­стан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлт­тық-мәдени кешенді аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Шығыс базарын» аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаш­тан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зер­герлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері ше­берлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәс­түрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсы­нылды. Сонымен қатар олар тазы ит пен қыран құстарды тамашалады.

Одан кейін Қазақстан Президенті мен Түрік­мен­стан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды.

Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айнал­дыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар ау­мағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.

Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнер­ші­лер қалашығының» тұжырымдамасы танысты­тыл­ды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түр­лерін ұсынатын орындар, «Шығыс базары» жә­не шағын қонақүйлер орналаспақ.

Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе беріл­генін атап өткен жөн.

Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Пре­зиденті мен Түрікменстанның Ұлт көшбас­шы­сы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жә­­­­­дігерлермен танысты.

AIQYN.

ShareTweetPin
Next Post
Республикалық байқауда бас жүлде

Республикалық байқауда бас жүлде

Денсаулық саласындағы аналар

Денсаулық саласындағы аналар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті