tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Тағайындау

Тағайындау

20 марта, 2025
0
Тағайындау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Бекмурзиннің мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс нәтижелері бойынша тағайындау туралы 2025 жылғы 5 наурыздағы №108-ж/қ бұйрығымен Абдукаримов Бегзат Оразбаевич департаменттің Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бегзат Оразбаевич 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1990 жылы Шымкент кооперативтік техникумын, 2001 жылы Қазақ тұтынушылар қоғамының Қарағанды экономикалық университетін бухгалтерлік есеп, қаржы және несие мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент қаласы, Қызыл-Қышлақ ауылдық сауда мекемесінде экономист болып бастаған. 1993-1994 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын өтеген. 1994-2002 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық инспекциясының жанама салықтар бөлімінің аға инспекторы, аудит бөлімінің бас салық инспекторы, сыртқы аудит, заңды және жеке тұлғаларға салық салу бөлімдерінің бас маманы-бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2002-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясында, Шымкент қалалық салық комитеті жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті. 2008-2011 жылдары аудит бөлімінің басшысы, 2011-2020 жылдары Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам аудандары бойынша салық басқармасының басшысы, Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

2020-2023 жылдары Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің басшысы, 2023 жылдың қараша айынан Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы қызметінде болды.

2021 жылы «Қаржы қызметінің үздігі», 2022 жылы «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі», 2024 жылы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

Отбасылы, 4 баланы тәрбиелеп отыр.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Мерекеде баспаналы болды

Мерекеде баспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті