tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

20 марта, 2025
0

Құрметті төлебиліктер!

Шуақты көктемнің келгенін білдіретін Наурыз – халқымыз үшін мерекелі де берекелі ай. Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Күн мен түннің теңесуімен қатар келетін Наурыз мейрамының сонау ықылым заманнан бері Жер Анадан нәр алып, қуаттанған адамзат баласы үшін маңызы зор. Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен.

Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгілде тойланатын Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді.

Наурыз мейрамы сонымен қатар – достық, бірлік, ынтымақ мерекесі саналады. Ежелден Ұлыстың Ұлы күні барша адамзат жан дүниесін тазартып, өкпе-назды ескі жылға қалдырып, алдағы күндерге жақсы ниет артып, асқаралы арманмен қарсы алған.

Бұл күні қонақжай жұртымыз ақ дастарқан жайып, бір-біріне ақжарма тілектерін айтады. Бұлақтың көзін ашып, тал егеді, тазалыққа баса мән береді. Наурыз мерекесінде халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтары түгел көрініс тапқан. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр.

Құрметті жерлестер!

Наурыз мейрамы байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін. Халқымыздың мерейі үстем болып, игі арман-тілектеріміз жүзеге ассын. Еліміздің ырысы артып, азығы молая берсін!

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық береке, жақсылық пен бақыт тілеймін! Көктем өзінің шуағымен қуантып, әз Наурыз əрқайсыңызға молшылық пен бақыт сыйласын.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Е.Әлімқұлов.

ShareTweetPin
Next Post
Мерекеде баспаналы болды

Мерекеде баспаналы болды

Ленгірдегі Наурыз мерекесі

Ленгірдегі Наурыз мерекесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті