tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Құрмет» орденімен марапатталды

14 марта, 2025
0
«Құрмет» орденімен марапатталды

Аналар мерекесі қарсаңында білім беру саласының ардагері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Төлеби ауданының Құрметті азаматы Есенова Гүлбазар Махмудқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Түркістан қаласында өткен «Әлемнің жарығы – Ана» атты салтанатты жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров ең жарқын мерекелердің бірі – Аналар мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осы салтанатты жиында облыс әкімі Гүлбазар Махмудқызының өңіріне «Құрмет» орденін тағып, гүл шоқтарын ұсынды.

Қырық жыл ұстаздық еткен Гүлбазар Махмудқызы бүгінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылып, ылғи да белсенділік танытып, өмірден түйген ойымен, жинаған тәжірибесімен жастармен бөлісуден, оларға ұлттық тәрбие, салт-сананы сіңіруден жалықпайды. Жас ұрпақты жаңақазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында аудандағы білім ордаларымен тығыз байланыс орнатып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады.
Қашанда мәдениетті, кішіпейіл, сыпайы қалпынан айнымайтын Гүлбазар әжей – өзінің сөз саптауымен, жүріс-тұрысымен, мінез-құлқымен үлкен-кішіге үлгі болатын тұлға.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Шипажайға жолдама берілді

Шипажайға жолдама берілді

Тағайындау

Тағайындау

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті