tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы

Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

28 февраля, 2025
0
Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Жұмысшы мамандықтар жылында жұмысшылардың қоғамдағы маңызды орнын көрсету, беделін көтеру мақсатында адал еңбекпен нәпақасын тауып жүрген жұмыскерлерді марапаттау – олардың еңбегін бағалаудың және қоғамға танытудың тиімді жолы. Бұл өз кезегінде олардың жұмысқа құлшынысын арттырып, болашақта жоғары нәтижелерге жетуге ықпал етіп қана қоймай, жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыруға да мүмкіндік береді.

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен еңбек адамына құрмет көрсету мақсатында жұмыс жоспары бекітіліп, жыл бойы түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Өткен аптада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген 10 қызметкерге, атап айтқанда, Тасболатов Ералхан, Абдукадырова Мұғалима, Шалдарбек Ақтөре, Рашева Гүлнара, Найманов Қайрат, Айдарова Гүлмира, Үсібалиева Альмира, Ешімбетова Бибайша, Крабаева Раиса, Қалшораева Нышанға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы театрға «Танакөз» қойылымына билет тарту етілді.

Аудан әкімінің атынан марапат пен сый-сияпатты ұсынған аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев өздерінің еңбекқорлығымен, күш-жігері мен адал еңбегі арқылы қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға ізгі тілегін арнап, әлеуметтік саладағы еңбектеріне алғысын білдірді.

А.ИМАНАЛИЕВА.

ShareTweetPin
Next Post

Бірлестік төрағасы сайланды

Полиция бөлімінде – жаңа басшы

Полиция бөлімінде – жаңа басшы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті