tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Құсбегілердің республикалық чемпионаты өтті

21 февраля, 2025
0
Құсбегілердің республикалық чемпионаты өтті

Тасарық ауылында ақпанның 14-16-сы күндері аралығында құсбегіліктен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының XVI чемпионаты өтті. Айтулы шарада еліміздің 8 облысы мен 2 қаласынан 100-ден астам сайдың тасындай іріктелген саятшылар қатысып, қазақтың нағыз құсбегілік өнерін паш етті. Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер, екінші күні жастар саятшылық шеберліктерін көрсетті. Бас төреші Жомарт Кеуенов чемпионаттың қазіргі таңда құсбегілік өнерге деген жастардың қызығушылығының артып келе жатқанының, мықты жас құсбегілердің көп екенінің дәлелі екенін атап айтты.

Жарыста құсбегілер өздері баптаған қаршыға, ителгі, бүркіт сынды құстармен шеберлігін көрсетіп, бақ сынасты.

Құсбегілік жарысының салтанатты ашылуында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмасбек Нақыпбеков, ҚР құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы, құсбегіліктен мемлекеттік жаттықтырушы Күнтуған Базарбек және аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров құттықтау сөз сөйлеп, құсбегілік өнерді серік еткен жастарға сәттілік тіледі.

Чемпионат қорытындысы бойынша үздіктер жүлдегер атанып, марапатталды.

Құсбегілердің жарысы терең біліктілікті қажет ететін өнерді, қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесін ұмыт қалдырмай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып келеді.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

Аппараттық мәжілісте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті