tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Модульді лагерь жобасы іске асырылады

16 мая, 2025
0

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана (душымен) орнатылады. Бұл бастама өңірдегі балалар демалысын ұйымдастыру ісіндегі басты түйткіл – орын тапшылығы мен санитарлық талаптардың сақталмауы мәселелерін шешуге бағытталған. Модульдік конструкциялар – қазіргі заман талабына сай, тез орнатылатын, экологиялық әрі тиімді шешім. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде балаларды жылдам әрі сапалы түрде жайғастыру үшін өте қолайлы.

Төлеби ауданындағы «Төлеби нұры», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерьлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда мыңнан астам баланы қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерьлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жатын орындармен қатар, санитарлық тораптар мен асханалар да дайындалуда.

Бұл маңызды жобаны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тікелей бақылауға алып, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалауды жүктеді. Ал облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, лагерьлердің маусымға дайындығын пысықтады. Ол әсіресе қауіпсіздік, санитарлық тазалық және тәрбиешілердің біліктілігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Балалар жазғы-сауықтыру лагерьлерінде демалып, сонымен қатар тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шараларға қатысады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап балалар үшін жазғы сауықтыру кезеңі басталады.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Спортта  да  алда шәкірттеріміз ді мақтан тұтамыз!

Спортта да алда шәкірттеріміз ді мақтан тұтамыз!

Баланы еңбексүйгіштікке  қалай  баулимыз?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті