tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Еңбек ер атандырады

Тәрбие саласында 40 жыл

14 апреля, 2025
0
Тәрбие саласында 40 жыл

Балабақша тәрбиешісі мамандығын игерген адам өзінің күнделікті жұмысында баланың білім алуына және тұлғалық жетілуіне негіз болатын тәрбиенің іргетасын қалап, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Балалардың санасына адамгершілік, рухани құндылықтарды сіңіретін алғашқы ұстазы болып табылады. Жақсы тәрбиеші болу үшін, әрине, тек теориялық біліммен ғана емес, сондай-ақ күнделікті практикалық дағдылармен де қаруланып қоймай, балаға деген мейірімі, жан жылуы, ыстық жүрегі болуы тиіс. Сонымен қатар мамандыққа терең сүйіспеншілік, сабырлылық және жанашырлық қажет.

Бүгінгі мақала кейіпкері Оразымбетова Дидар Сахибекқызы – балалармен жұмыс істеуде мол тәжірибе жинақтаған, әртүрлі жағдайларда тез шешім қабылдай алатын, мейірімді тәрбиеші, нағыз кәсіби маман. Ол Ленгір қаласында туып-өскен, №2 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің түлегі. Ең алғаш еңбек жолын бастаған Ленгір қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасында табан аудармай, 40 жылдан астам уақыттан бері бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беріп келеді. Дидар апай 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста «Жыл үздігі» атанса, өткен жылдың қорытындысы бойынша Төлеби ауданының «Жыл үздігі» номинациясын иеленді. Ұрпақ тәрбиесіндегі ұзақ жылғы еңбегі бағаланып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болып жүр. Атап айтқанда, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын, 2020 жылы Түркістан облысы білім басқармасының, 2021 және 2023 жылдары Төлеби аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына, сондай-ақ 2022 жылы облыстық білім беруді дамыту орталығының марапатына ие болған.

Балалармен тіл табысуды меңгерген тәжірибелі тәрбиеші олардың дүниетанымын кеңейтуді, білім беру үдерісін қызықты әрі тиімді жүргізуді мақсат тұтады. Ол әр баланың мінез-құлқын, көңіл-күйін ескере отырып, баланың өзіндік дағдыларын ашып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ден қойған. Қырық жылдық еңбек тәжірибесі бар тәрбиеші өзін жетілдіріп, кәсіби дамуға ұмтылуын тоқтатқан емес. Ол оқу бағдарламаларын, тәрбие әдістерін, педагогикалық тәсілдерін уақыт өткен сайын жаңартып, балалардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Дидар Сахибекқызы – мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарына арналған «Ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбындағы құнды әдістемелік құрал авторларының бірі. Тәжірибелі әріптес ретінде ұжымда жас мамандарға білгенін үйретуден, ақыл-кеңес беріп, тәлімгер болудан жалыққан емес. Ардагер педагог облыстық тамыз конференциясында, сондай-ақ тәжірибелік семинарларда, республикалық педагогикалық журнал мен ғылыми-әдістемелік басылымдарда өзінің мол тәжірибесімен бөліскен.

Дидар апай отбасында аяулы жар, Құдай қосқан қосағының сенімді серігі, ұл-қыздарына өнегелі тәрбие беріп, өсіріп-өндірген мейірімді ана. Әбутәліп есімді ұлы агроинженер мамандығы бойынша білім алып, қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жеке компанияда қойма логистикасы маманы болып жұмыс істейді. Үлкен қызы Жанар – педагогика ғылымдарының магистрі, Алматы қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияда ұстаздық етеді. Техника ғылымдарының магистрі атанған кіші қызы Жадыра Алматыдағы жоғары оқу орнының тест орталығында инспектор болып қызмет атқарады.

«Адамның жүзі – оның жүрегінің айнасы», «Түсі игіден түңілме» деп бекер айтпаса керек. Қашанда күлімдеп, жүзінен жылу есіп тұратын Дидар апайға деген ата-аналардың да құрметі ерекше. Бүлдіршіндерге өз балаларына қарағандай, мейірімін төге, тәлім-тәрбие беріп жүрген, нағыз өз ісінің маманы атанған педагог барлық құрметке лайық.

А.ИМАНАЛИЕВА.

ShareTweetPin
Next Post
Төлеби ауданындағы  сенбілік

Төлеби ауданындағы сенбілік

Аудандық  би  байқауы өтті

Аудандық би байқауы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті