tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Еңбек адамы – қоғамның басты байлығы

Қарттардың жанашыры

8 апреля, 2025
0
Қарттардың жанашыры

Әлеуметтік қызметкерлер күнделікті өмірде қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарады. Адамгершілік пен жанашырлыққа толы қарым-қатынасы мен өздерінің қамқорлығы арқылы көп адамға қолдау көрсететін мамандар болып табылады.

Байкеева Жанат Еркінқызы – Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі қатынау орталығы» КММ Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторының әлеуметтік жұмыскері. Жанат Еркінқызы 8 адамға қызмет көрсетеді, өз жұмысында олардың тұрмысын жеңілдетуге, рухани және физикалық тұрғыдан қолдау көрсетуге барын салады. Оларды тамақтандыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гигиеналық тазалық сақтауға көмектесу, сондай-ақ медициналық көмек алу үшін қажетті жағдайлар жасау, сонымен қатар әр адамның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, эмоциялық қолдау көрсету – оның күнделікті атқаратын жұмысы.

Осы мекемеде он жылдан бері жұмыс істейтін Жанат Байкеева туралы ол қызмет көрсететін жандар: «Жанат Еркінқызы – мейірімді, қамқор әрі өз міндетіне адал қызметкер. Көмекке мұқтаж адамның тұрмысын жеңілдетуге, өмір сапасын жақсартуға өз үлесін қосып жүрген, қашанда көмек қолын созуға дайын тұратын, сүйеніш бола алатын жанашыр адам. Оның қызметіне дән ризамыз» деген пікірін білдірді.

Жанат Еркінқызы – отбасында аяулы жар, 2 қыз, 2 ұлды тәрбиелеп өсірген мейірімді ана. Тұңғыш қызы Аяжан Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте жоғары білім алып, қазіргі уақытта сол жақта өз мамандығы бойынша ұстаздық етеді. Ұлы Ұлан – Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты. Екінші қызы Мөлдір – Шымкенттегі медакадемияның ІІІ курс студенті. Кенже ұлы Дархан – мектептің 8-сынып оқушысы.

Ж.Байкеева сынды өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары жандардың еңбегі, қамқорлығы мен мейірімділігі жастарға үлгі-өнеге болып, қоғамды адамгершілікке жетелейді.

А.ИМАНАЛИЕВА.

ShareTweetPin
Next Post

Түркістан облысы бойдақтар көшін бастады

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті