tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Ұлы тұлғалардың мерейтойына орай

Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

17 декабря, 2024
0
Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

«Жүздеген жылдардан бері тату көрші әрі дос саналатын екі ел арасындағы өзара сенім, құрмет және қолдау рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынас қарқынды дами беретініне сенімдімін», делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров тәуелсіз Қазақстанның мемлекет басқару, әлеуметтік-экономикалық даму мен белсенді сыртқы саясат жүргізу істерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізгеніне тоқталған.

«Елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген байланыстың алдағы уақытта да өрлей беретініне кәміл сенемін», деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтауында қазақ-тәжік байланысының қарқынды сипатын жоғары бағалады.

«Біз өзара тиімді ықпалдастықты дәйекті түрде ілгерілетуге баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекеттеріміздің басты мүддесіне сай екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін нақты қадамдар жасауға дайынбыз», деп жазған Тәжікстан Президенті.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, екіжақты байланыс барлық бағыт бойынша табысты өрлей түскеніне назар аударған.

«Бұл орайда Сіздің жақында Түрікменстанға жасаған ресми сапарыңыз ерекше маңызға ие. Ашхабадта жүргізген келіссөздер аясында қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай үлес қосарына сенімім мол», деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те құттықтауын жолдаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеделхаттарын БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері, Министрлер кеңесінің төрағасы Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Украина Президенті Владимир Зеленский, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рүстем Минниханов және басқалары жолдады.

ShareTweetPin
Next Post
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады

Сағындық – Азия чемпионы!

Сағындық – Азия чемпионы!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті