Өткен аптада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тұғыры биік елім – Қазақстан» атты әскери-патриоттық форум өтті. Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында әскери қызметтің беделін көтеру және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстан Республикасы ҰҚК жоғары офицерлік құрамының ардагері Ақжігіт Исабеков және аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің директорлары мен ұстаздары және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы құттықтау сөзінде М.Әуезовтің ерлік, Отанды, өз жұртын, халқын сүю туралы ойларын, халық қаһарманы, әскери педагогика мен әскери психологияда баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға Бауыржан Момышұлының жастарды ер етіп тәрбиелеуде ұлтық құндылық-тарымыздың орны ерекше екенін жет- кізген сөздерін келтіре отырып: «… Бүгінгі форумда айтылатын құнды ойлар мен ардагер генералдар мен офицерлердің өнегелік істері жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен Отанға деген құрметін арттыра түсетініне сенімдімін, – дей келе, – Қадірлі ұстаздар! Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие арқылы, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қалыптасады. Қазақта «Аманат» деген асыл ұғым бар. Парасатты ұрпақты тәрбиелеу – ұстаздарға деген халықтың сенімі, аманаты. Осы аманатқа адал болуды қасиетті парызымыз деп қабыл-дарсыздар. Құрметті жастар! Еліміздің байлығы да, бары да – сіздерсіздер. Тұғыры биік тәуелсіз елдің болашағы парасатты ұрпақтың қолында. Яғни, сіздердің қолдарыңызда», – деді.
Аудан әкімі форум барысында жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәлім-тәрбие беріп, отансүйгіштікке, елжандылыққа баулып жүрген ауданның үздік ұс-таздарына «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін және Құрмет грамотасын табыс етті.
«Төлеби-ақпарат».