tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы

Тиімді кәсіптік бағдарлау – сапалы жұмысшы мамандар

12 мая, 2025
0

«… Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қаже. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз… Өз кәсібін меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады…».

          ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Жұмысшы мамандықтардың бағалануы – бұл елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына әсер ететін маңызды аспект болып табылады.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» – бұл еліміздегі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды осы мамандықтарға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби біліктіліктерді дамытуға бағытталған бастама.

Мемлекетімізде жұмысшы санатына әртүрлі мамандықтар кіреді. Олар:

  • механиктер;
  • электриктер;
  • слесарлар;
  • дәнекерлеушілер;
  • столярлар;
  • кондитерлер;
  • медбикелер;
  • тігіншілер.

 

Яғни, өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салаларда қызмет ететін сала мамандарының сапасы маңызды рөл атқарады.

Биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілетін іс-шаралар білім беру жүйесін дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Осы себепті биылғы жылы жұмысшы мамандықтарына сұраныс тағы да артып, елдің экономикалық дамуына маңызды үлес қосатын көптеген жобалар жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Осыған байланысты, жастарды осы бағытта білім алуға ынталандыру және жұмысшы кадрлардың даярлығы жөнінде түрлі бағдарламалар іске асырылады.

Кәсіпорындар мен колледждер, мектептер арасындағы өзара әрекеттестікті үйлестіру, студенттермен, оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу, жұмысшы мамандықтарын заманауи байланыс құралдары арқылы насихаттау – осы саладағы маман иелерінің білім, білік, дағдыларымен кәсібиліктерінің сапасының артуына алып келеді.  «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы мен кәсіптік бағдар беру бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл екі бағыт та ел экономикасының дамуына, еңбек нарығын кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге және жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге бағытталған. Кәсіптік бағдар беру – жастарға және мектеп бітірушілерге дұрыс мамандық таңдауда көмек көрсету процесі. Бұл процесс жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіруге және олардың келешектегі мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге бағытталуы тиіс. Егер мектеп бітіруші немесе 9-сыныптан соң колледжге түсуге ниетті оқушылар жұмысшы мамандықтар туралы көбірек біліп, олардың қоғамдағы және экономикадағы рөлін түсінсе, олар осы мамандықтарды таңдауға ынталанады.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жұмысшы мамандықтар жылына үлкен әсер етеді, өйткені олар жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандырады және нақты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бағыттайды. Бұл жұмыстардың бірнеше оң әсерлері бар:

Жастарды дұрыс бағыттау:

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен жастар жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсінеді. Олар қандай мамандықтардың қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие екенін біледі және өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдай алады.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру:

Әдетте, жұмысшы мамандықтары жоғары білімнен кейінгі салалардан артта қалған деп саналатын. Бірақ кәсіптік бағдар беру жұмыстары арқылы жұмысшы мамандықтарының өзекті екендігі, қоғам мен экономика үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы түсінік артады.

Кәсіби біліктілікті арттыру:

Кәсіптік бағдар беру арқылы жастардың нақты дағдыларды меңгеруге қызығушылығы артады. Оқушылар мен студенттер өздеріне қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруге ынталанып, еңбек нарығына бейімделуге дайын болады.

Еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беру:

Жұмысшы мамандықтар жылында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жергілікті және ұлттық деңгейде еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс бар екенін ескере отырып, жүзеге асырылады. Бұл білім беру мекемелері мен жастарды нақты еңбек нарығына сәйкес даярлауға мүмкіндік береді.  Кәсіптік бағдар беру аясында оқушыларға жұмысшы мамандықтардың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы ақпараттандыру шараларын ұйымдастыру арқылы осы салада кәсіби біліктіліктерін арттыруға деген қызығушылықтарын ояту. Одан бөлек кәсіпорындармен бірлесе отырып, теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйлестіру –мектеп бітіруші түлектерді нақты жұмыс орындарына даярлауға көмектеседі. Мектептерде, колледждерде, ЖООларда жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін ақпараттық іс-шаралар, саяхат сабақтар, семинарлар өткізу арқылы дұрыс қоғамдық түсінік қалыптастыруға болады.

Қорыта айтқанда,  осы салада кәсіптік бағдар беру жұмыстары тиімді жүргізілсе, жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие болумен қатар қоғамда осы мамандықтардың бағасы мен мәртебесінің өсуіне жол ашылады.

 

С.Мырзахметова,

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогы.

ShareTweetPin
Next Post

Патриотизмнің мәңгілік үлгісі

Төлеби балалар көркемсурет мектебі – оқушылар мен ересектер шығармашылығының қайнар көзі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті