tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Қала әкімі есеп берді

Ленгірдің бүгінгі тынысы – нақты істердің айнасы

18 сентября, 2026
0
Ленгірдің  бүгінгі  тынысы – нақты  істердің  айнасы

Дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаевтың қала тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Жиын барысында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, абаттандыру, жол, жарықтандыру, жұмыспен қамту және тұрғындардың өтініш-тілектері кеңінен сөз болды.

Есепті кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдісаттар Әбдіхалықов, аудандық мәслихат депутаттары, полиция қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының мүшелері, қоғамдық жиын өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Жиында қала әкімі М.Жұмабаев Ленгір қаласында жыл басынан бергі 6 айда атқарылған жұмыстар мен даму көрсеткіштерімен таныстырды. Қаланың аумағы 2516 гектарды құрайды, 34 139 тұрғын тұрады. 1945 жылы құрылған шаһар бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірінде маңызды орын алып отыр.

Мақсат Болысбекұлының есебіне сәйкес, қала бюджетінің көлемі кейінгі жылдары айтарлықтай өскен. 2024 жылы қала бюджеті 434,5 миллион теңгені, 2025 жылы 549 миллион теңгені құраған. Ал 2026 жылға бюджет көлемі 899,2 миллион теңге болып белгіленген.

Бюджеттің ұлғаюы қаланың әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген.

Ленгірде өндірістік бағыттағы бірнеше жоба іске қосылған. Атап айтқанда, «BES GROUP» ЖШС жиһаз өндіру жобасын жүзеге асырып, 18 жұмыс орнын ашқан. «Байдаулет» ЖШС пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу бағытында жұмыс жүргізіп, 20 адамды жұмыспен қамтуды көздеген. Сондай-ақ «Р.Кошкаров» ЖК пластикалық есік-терезе және темір бұйымдарын өндіретін жобасын жүзеге асырып, 15 жұмыс орнын ашқан.
Алдағы уақытта асханалық жиһаз шығару, пластикалық есік-терезе өндіру, полиэтилен заттарын шығару, ағаш өнімдерін жасау, алюминий және темір бұйымдарын өндіру бағытындағы бес жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар бойынша 85 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Есептік кездесуде әкім қаладағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға да ерекше тоқталды. Ленгірдің «Алатау» мөлтекауданында жолдарды асфальттау, аяқжол салу және су ағар орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге аталған аумаққа электр желісін тарту жұмыстары аяқталған. Бұл жоба нәтижесінде тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар да сапалы электр қуатымен қамтылуға мүмкіндік алған.
Қаладағы кәріз жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілген. Бірінші мөлтекаудандағы №3 кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүзеге асырылған.

Үстіміздегі жылы тұрғын үй құрылысы да назардан тыс қалмаған. Бірінші мөлтекауданда үш көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер қаржысы есебінен жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Ленгірдегі өзекті мәселелердің бірі – жол сапасы. Қала көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 136 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар – 14,1 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 42,3 шақырым, ал қаланың ішкі көшелері 79,6 шақырымды құрайды.

Есепті кезеңде бірқатар көшелерде орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оқжетпес көшесінің 1,15 шақырым жолы және Новостроевка елді мекенінің орталық көшесінің 0,73 шақырым бөлігі жөнделген. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен қаланың ішкі көшелерін асфальттау жұмыстары атқарылған. «Жарық жол» КММ тарапынан Таңжарық, Жамбыл, Д.Қонаев және Жаңажол көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де көңіл бөлінген. Жамбыл және Өркен көшелерінің аралығындағы жолға жаяу жүргіншілер жолын салу және көпірді жөндеу жұмыстары атқарылған. Ленгір–Киелітас жолы бойына түнгі жарық шамдарымен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары да қолға алынған.

Қаланың көркін келтіріп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында бірнеше аумақта ойын және спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілген. Бірінші мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан спорт алаңдары жөнделіп, «Самал» мөлтекауданында және Үміт көшесі бойында балалар ойын алаңдары салынған.
Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жергілікті бюджет есебінен Ленгір-Алатау тас жолы бойына және бірқатар ішкі көшелерге түнгі жарық шамдары орнатылған. «Жарық жол» КММ тарапынан «Самал» және «Қазығұрт» мөлтекаудандарындағы көшелер де жарықтандырылған.
Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылған. Қала аумағында 30 сенбілік ұйымдастырылып, оған 13 500 адам қатысқан. Нәтижесінде 200 тонна қоқыс шығарылып, 2000 түп ағаш отырғызылған.

Қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау мәселесі де назардан тыс қалмаған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдармен салыстырғанда төмендегені байқалады. 2026 жылдың екінші тоқсанында 189 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырса, 172 отбасы аталған көмекті алған.

Сонымен қатар қалада жұмыспен қамту бағытындағы жобалар жүзеге асырылып, «Жастар практикасы», қоғамдық жұмыстар, «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Бастау-Бизнес» сияқты жобалар арқылы тұрғындарға еңбек нарығына араласуға мүмкіндік берілген.

Демеушілер тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмек те аз емес. Жыл басынан бері аз қамтылған 73 отбасыға азық-түлік пен ұн таратылған. «Мектепке жол» акциясы аясында 170 балаға сөмке мен оқу құралдары берілген.

Тұрғындардың күнделікті тұрмысында маңызды орын алатын қоғамдық көлік мәселесі  ұдайы назарда болған. Қалада жолаушылар тасымалдайтын 10 шағын автобус қызмет көрсетеді. Сонымен қатар «Север» мөлтекауданы, Достық-Қырықбаев көшелері бағытында төрт автобус қатынаса, Ленгір – «Тоғыс» шахтасы бағытында да күн сайын төрт мезгіл автобус жүреді.

Есептік кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін тікелей қала әкіміне жеткізуге мүмкіндік алды. Жиын барысында ленгірліктер жол, абаттандыру, жарықтандыру, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Айта кетерлігі, 2026 жылы қала әкімінің жеке қабылдауында 94 адам болған. Жеке тұлғалардан 279, заңды тұлғалардан 9 өтініш түскен. Әр өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген.

Кездесу барысында көтерілген барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, оларды өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.

Жиын соңында ардагерлер мен ақ жаулықты әжелер қалада атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, қала әкіміне ізгі тілектерін білдірді.

Есептік кездесу Ленгір қаласының даму бағыттарын саралап қана қоймай, тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы ашық диалогтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Алдағы міндеттердің негізгі өзегі – қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру және шаһардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру болып қала бермек.

 

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

«Отбасы – өмірдің берік тұғыры»

Төлебидің таланттары Сайрам төрінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті