tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Президент Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

18 сентября, 2026
0
Президент Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
11 қыркүйекте Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың бапкерлерін марапаттады.
Президент спортшыларды дүбірлі додадағы жарқын жеңістерімен құттықтап, ұлттық құраманың ел абыройын асқақтатқанын атап өтті. Биылғы Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде жеңіп алды.
– Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарының мәртебесі ұлттық спортты ғана емес, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеуде маңызды екенін айтты. Атадан балаға жалғасқан салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу ортақ парыз екенін атап өтті.
Президент елімізде спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Соңғы жылдары жүздеген спорт нысаны салынып, ұлттық спорт түрлерін қолдауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Бүгінде дене шынықтырумен тұрақты айналысатын қазақстандықтардың саны 8 миллионнан асқан.
Салтанатты жиында спорттағы жоғары жетістіктері және VI Дү-ниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды.
Президент спортшылардың жеңісі өскелең ұрпаққа үлгі болып, жастарды табандылыққа, қайсарлыққа және елжандылыққа тәрбиелейтінін атап өтті.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Төлеби ауданының спортшылары да ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп, ел қоржынына үш алтын медаль салған болатын. Осы жиында аударыспақтан жеңімпаз атанып, ауданымыздың мерейін өсірген қасқасулық Өткелбай Дарын Ақылбайұлы мен қа- ратөбелік Ізбасаров Сырым Нұржанұлы Ел Президентінің қолы-нан «Құрмет» орденін алса, қоғалылық Сайлау Мұхаммеджан Жанбатырұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаталды.
Марапаттау рәсімінде чемпиондарымыздың бапкері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, аударыспақтан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттық-тырушысы диханкөлдік Жанбатыр Сайлауұлы Бекмұсаев (суретте, чемпион Сайлау Мұхаммеджанның әкесі) та спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды.
Бұл наградалар – төлебилік спортшылардың ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі мен халықаралық деңгейдегі жетістікте- рінің жоғары бағаланғанының айғағы. Ел абыройын асқақтатқан саңлақтардың жеңісі аудан жастарына үлгі болып, ұлттық спорттың дамуына жаңа серпін берері сөзсіз.
ShareTweetPin
Next Post
Ленгірдің  бүгінгі  тынысы – нақты  істердің  айнасы

Ленгірдің бүгінгі тынысы – нақты істердің айнасы

«Отбасы – өмірдің берік тұғыры»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті