Төлеби ауданының тумалары, ағайынды Нұрасыл және Бекасыл Асамбектер халықаралық аренада ел намысын абы-роймен қорғап, әлемдік додадан жүл- демен оралды. Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында қос балуан да жеңіс тұғырынан көрінді.
Әлемнің үздік жас балуандары бас қосқан байрақты бәсекеде Нұрасыл Асам-бек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол жарыс барысында шебе-рлігін танытып, жүлделі орынға таласты. Қола медаль үшін белдесуде Өзбекстан спортшысы Ұлықбек Рашидовпен кезде-сіп, сенімді жеңіске жетті. Осылайша Нұрасыл әлем чемпионатының қола жүл-десін иеленді.
Ал бауыры Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, жарыстың ақтық кезеңіне дейін жетті. Финалда АҚШ балуаны Аарон Джеймс Сейдельмен белдескен жерлесіміз күміс жүлдеге ие болды.
Ағайынды қос спортшының бір әлем чемпионатында қатарынан жүлдеге ілігуі – Төлеби ауданы үшін үлкен мақтаныш. Бұл жетістік олардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының, спорттағы жоғары дайындығының жемісі.
Ел мерейін асқақтатқан Нұрасыл мен Бекасыл Асамбектердің жеңісі жас спортшыларға үлгі болып, туған жердің спорттық әлеуетін тағы бір мәрте та-нытты. Ағайынды балуандардың алдағы жарыстарда да биік белестерді бағын-дырып, Қазақстан көк туын әлем төрінде желбірете беруіне тілек білдіреміз.



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf