Балаларға қолдау көрсетуді мақсат еткен дәстүрлі «Мектепке жол» рес-публикалық акциясы биыл да жалғасын табуда.
Осы игі бастама аясында ауда-нымыздың тумасы, Төлеби ауданының Құрметті азаматы, жомарт жүректі азамат Рыспаев Бекалы Шералыұлының демеушілігімен аудан аумағындағы 100 оқушыға оқу құралдарымен толық жаб-дықталған мектеп сөмкелері табыс- талды.
Сонымен қатар балаларға тәтті бал-мұздақтар мен сусындар ұсынылып, көңілді дема-лыс ұйымдастырылып, мультфильм көрсетілді.
Іс-шараға аудандық Ар-дагерлер кеңесінің төра- ғасы Ақтаев Сейтхан, қала әкімі Жұмабаев Мақсат, сондай-ақ ел ағалары Бектұров Қыстаубай ата, Оралбеков Бұхар, Шыңғыс-баев Әтірхан, Әбдіхалықов Әбдісаттар арнайы қаты-сып, балаларға ақ бата- ларын берді.
Бұл – балаларға көрсе-тілген қолдау ғана емес, олардың білім алуға деген ынтасын арттырып, бола-шаққа деген сенімін нығайтатын игі іс.
Осындай қайырымды бастамаға қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлаған Бекалы Шералыұлына, кәсіпкердің ұлы Дәулетбек Бекалыұлына (суретте) және барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жаңа оқу жылы әр балаға қуаныш, мол жетістік пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін! Балаларымыз білімді, тәрбиелі болып, биік белестерді бағындыра берсін!



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf