tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жасанды интеллектіні мектепте қолданудың пайдасы

28 августа, 2026
0
Жасанды интеллектіні  мектепте қолданудың пайдасы

Бүгінде еліміз білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндет жүктеп отыр. Ол – интеллектуалды болашақ иелерін қалыптастыру. Осы салада тынымсыз ізденіп, жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздардың бірі – Ұлжалғас Маратқызы Адасова.
Ұлжалғас Адасова – ауданымыз-дағы Момынай жалпы орта мектебінің түлегі. 2003 жылы мектепті бітірген соң, халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент филиалына физика және информатика мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2008 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Алғашқы ұстаздық жолын 2007 жылы Қаратөбе жалпы орта мектебінде өз мамандығы бойынша бастайды. Содан бері ол ұстаздық мамандықтың қырсырын жете меңгерген, шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаз атанған.
Ол ұстаздық жолында қазақтың көрнекті жазушы-педагогі Жүсіпбек Аймауытовтың: «Дайын мағлұматты мұғалім айтып беріп, балалар жа-дағай отырып тыңдағандай болмасын. Мұғалімнің жәрдемімен олар мәселені бала өздігіндей ойлап, ізденіп шешкендей болсын», – деген қағидатын күнделікті тәжірибесінде қолданып, сабақта оқушыларды ой-ландырып, проблеманы өздері шешетіндей әдістемелерді қолданып отырады. Мысалдарды күнделікті өмірден, өздері көріп, тұтынып жүрген дүниелерден алып, олардың ғылыми көзқарасын одан әрі тереңдетуге көңіл бөледі.
Ұ.Адасова өз пәні бойынша аймақта, ауданда ашық сабақтар өткізіп, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісіп, әдістемелік көмек жасап отырады. Үстіміздегі оқу жылы ол сәуір айында Қостөбе шағын жинақты мектебінде «Механикалық күш және қуат» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оған аймақтағы физика пәні мұғалімдері қатысты. Сабағында оқытудағы жаңа, тиімді технологияларды қолданып, күнделікті өмірмен, тұрмыспен, ортамен байланыстырды. Жасанды интеллект арқылы оқушының білім деңгейін қалай бағалауға болатынын көрсетті.
Ұстаздың кәсіби жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Оның жетекшілігімен оқушылар жыл сайын пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жоғары көрсеткішке жетіп келеді. 2024-2025 оқу жылы 10-сынып оқушысы Толғанай Әмірхан аудандық ғылыми жоба байқауында «Ауылдық жерде күн энергиясын қолдану» тақырыбындағы шығармашылық еңбегі 3-орынды иеленді. Күннен энергия алудың жолдарын іздестіріп, оны күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын өзі жасаған макет арқылы көрсетті. Елімізде күн энергиясын пайдала-нудың ауқымы кеңейіп келе жатқанын, ауылдық жерлерде қолданыла бастағанын мысалға келтірді. Қаратөбе аулының «Оторвановка» бө- лімшесі тұрғындары электр энергиясын күн энергиясы батареясы арқылы пайдаланып жүргенін дәлелге келтірді. Бұл жетістігі оқушының ғылымға деген құштарлығын арттырып, одан әрі ізденуге жетелейді.
Сондай-ақ 8-сынып оқушысы Шұғыла Аралбай пәндік олимпиадада 3-орыннан көрінді. 11-сынып оқушысы Жәния Күзенбай аудандық олимпиадада 1-орынға, ал облыста 3-орынға ие болды. Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі, жүйелі жұмысының көрінісі.
Ұлжалғас Адасованың ұстаздық қызметімен танысу барысында оның физика мамандығын таңдауына Момынай жалпы орта мектебінің тәжірибелі физика пәнінің мұғалімі Гүлзахира Тіленшиеваның ықпал еткенін білдік.
– Апай сабағын қарапайым тілде түсіндіріп, мысалды физикалық құбылыстарды күнделікті өмірден, тұрмыстан алып, оқушыларға өздері көріп жүрген таныс дүниелер арқылы түсіндіретін. Менің физика пәніне қызығушылығымды оятып, мектептегі физика үйірмесіне тартты, пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстырды. Сол апайдың ақыл-кеңесімен физика пәні мұғалімі болуды таңдадым. Енді сол апайдың ұстаздық жолын қуып, білімімді жас ұрпаққа арнап жүрмін, – дейді мұғалима.
Бүгінде еліміз цифрлық технология және жасанды интеллектіге жаппай бетбұрыс жасап отыр. Оның ішінде білім саласы да сырт қалмақ емес. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп бере алмаймыз. Онсыз экономиканы, ғылымды, білімді дамыта алмаймыз. Жасанды интеллектіні мектепке қолдану білім саласының келешегін айқындайтын болады», – деді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллектіні мектептерде қолдану үшін бағдарлама, оқулық дайындауға кірісті. Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарға «Цифрлық са- уаттылық», ал 5-сыныптан бастап «Информатика» пәні оқытылады. Оған дейін мұғалімдер дайын-дықтан өтеді. Жасанды интеллектіні оқытудың маңызы зор.
Ұлжалғас Адасова қазірдің өзінде жасанды интеллектіні сабағында қолданып жүр. Оны көмекші ретінде пайдаланады. Ол әр оқушының дең-гейіне, қабілет-қарымына және қы-зығушылығына қарай ЖИ дербес тапсырмалар дайындауға таптырмас құрал дейді. Уақытымды үнемдеп, жұмысымды жеңілдетіп жүр. ЖИ арқылы оқушының қай сабақты меңгермегенін анықтап, пысықтауға көмегімді беріп жүрмін. ЖИ мұға-лімге ғана емес, оқушыға да көмекші бола алады. Оқушының білім дең-гейін нақты және әділ бағалауды жүзеге асырады. ЖИ баланы дайын білімге үйретіп қана қоймай, ізденуге жол ашады. ЖИ-ді қолдану кезінде оқушы қауіпсіздігіне көңіл бөліп отырамын. Баланың жеке деректерін қорғап, тапсырмаларды әділ орындалуын қадағалап, білімді бағалауда ашықтықты сақтаймын, – дейді ұстаз бізбен тәжірибесін бөлісіп, ол – педагог-сарапшы.
Отбасылық өмірінде де ол өз орнын тапқан. Қаратөбе аулының азаматы Мақсұт Бейсенбекұлымен шаңырақ көтеріп, бүгінде 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының ұйтқысы.

ShareTweetPin
Next Post

Еңбек заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

Ағайынды  Асамбектер – Әлем чемпионатының  жүлдегерлері

Ағайынды Асамбектер – Әлем чемпионатының жүлдегерлері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті