tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Егін орағы аяқталып келеді

21 августа, 2026
0

Үстіміздегі жылы аудан аумағындағы шаруа қожа-лықтары былтыр күзде және биылғы көктемде егілген дәнді дақылдардан мол өнім күткені рас. Көк-тем айларында ауа райы көңілдегідей болып, жа-уын-шашын мол түсті. Тіпті жаз айлары да жаңбырсыз болған жоқ.
Биыл механизаторлар 18807 гектар егіндіктің дә-нін бастыруға тиіс болса, бүгінге дейін 17197 гектар алқаптың, оның ішінде 9995 гектар бидай мен 7197 гектар арпаның өнімін жинап алды. Жалпы гектар түсімділігі тым жоғары бол- мағанымен қамбаға құй-ылған дән көңіл көн- шітерліктей болды. Арпа-ның әр гектарынан 18 центнерден дән басты-рылса, бидайдың түсім- ділігі гектарына 21 цент-нерден айналып тұр.
Өндірістік кооператив-тердің арасында Кемеқал- ған ауылдық округіндегі «Қазығұрт» ӨК төрағасы Талғат Сейданов, Көксәй-ек ауылдық округіндегі «Жеңіс» ӨК төрағасы Сейділлә Үкібаев, Бірінші Мамыр ауылдық округін-дегі «Ақбұлақ» ӨК төра- ғасы Қазыбек Мұздыбаев, Тасарық ауылдық окру-гіндегі «Бірлік» ӨК төра- ғасы Әбдінұр Шайнеков, Жоғарғы Ақсу ауылдық ок-ругіндегі «Ақсай» ӨК төра- ғасы Кемел Сатыбалдиев жауапты науқанды жоғары деңгейде ұйымдастырып, техниканың толық қуатын-да жұмыс істеуін қамта- масыз етті. Олардың егін орағына қатысушылардың уақытпен санаспай өнімді жұмыс істеуіне қажетті жағ-дай туғыза білгенін айта кеткен ләзім.
Көктемнің салқын бо-лып, жаңбырдың жиі жау- ғаны жекелеген алқаптар-дағы дақылдардың өсіп- жетілуіне кері әсерін тигіз-генінде айтпай кетуге бол- мас. Тіпті егін орағы қар- қын алып жатқан тұста ылғалдың көп түсуінен орақты амалсыз тоқтатқан жағдайлар жиі кездесті.
Қазір тау етегіндегі Қара-төбе, Қасқасу және Таса- рық ауылдық округтерінің жекелеген шаруа қожалық-тары бұл күндері әлі орылып бітпеген 1600 гектардан астам бидайды бастырумен айналысып жатыр.
Сол кезде Кемеқалған, Киелітас және Бірінші Мамыр ауылдық округтерінің механизатор-лары майлы дақыл – мақсарыға орақ салды. Алғашқы айналымдардың нәтижесі көңіл қуантар-лықтай. Қыркүйек айының соңына дейін егін орағын аяқтауға мүмкіндік бар. Дихандар әрбір ашық күнді ұтымды пайдалануға ұмтылуда.
Қырмандарда да жұмыс қыза түскен. Шаруалар жиналған астықты тазар-тып, тұқымдық дәнді қой- маларға құйып, қожалық-тардың мүшелеріне үлес- терін беруге дайындық жа-сауда.
Арада шамалы уақыт өткен соң төлебилік ди-хандар келесі жылдың мол өніміне негіз қалауға кіріседі.

ShareTweetPin
Next Post
«Мектепке жол» – балаларға  қолдау, болашаққа сенім!

«Мектепке жол» – балаларға қолдау, болашаққа сенім!

Қолынан өнер тамған ұстаз

Қолынан өнер тамған ұстаз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті