tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Отбасы тыныштығы – қоғам тұрақтылығының кепілі

14 августа, 2026
0

Отбасы – адам өмірінің бастауы, рухани құндылықтарды қалыптасатын алғашқы ортасы. Әрбір азаматтың тұлға болып қалыптасуы, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі, өмірге деген көзқарасының орнығуы ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан қоғамның беріктігі де, мемлекеттің болашағы да отбасының амандығы мен бірлігіне тікелей тәуелді.
Алайда бүгінгі таңда қоғамда алаңдаушылық туғызып отырған өзекті мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұл – жекелеген отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына әсер ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Зорлық-зомбылық отбасының берекесін кетіріп қана қоймай, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзады, оның денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашақ өміріне ауыр зардап әкеледі.
Көпшілік тұрмыстық зорлық-зомбылықты тек денеге күш қолданумен байланыстырады. Шын мәнінде оның түрлері әлдеқайда ауқымды. Психологиялық қысым көрсету, үнемі қорлау, кемсіту, үрейде ұстау, экономикалық тәуелділікке мәжбүрлеу, қаржыны пайдалануға шектеу қою, адамның еркін қозғалуына немесе жақындарымен ара-ласуына тыйым салу – мұның бәрі тұр-мыстық зорлық-зом- былықтың көріністері. Мұндай әрекеттердің салдары кейде көзге көрінбегенімен, адам-ның жан дүниесіне ауыр жара салады.
Әсіресе, мұндай жағдайлардың куәсі болып өсіп келе жатқан балалардың психологиялық дамуына кері әсері зор. Мамандардың айтуынша, отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықты көріп өскен балада үрей, сенімсіздік, тұйықтық, агрессия сияқты мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасуы мүмкін. Кей жағдайда олар болашақта дәл сондай қарым-қатынасты қалыпты құбылыс ретінде қабылдап, зорлық-зомбылықтың қайталануына жол ашады. Сондықтан әрбір ата-ана өз әрекеті арқылы балаға өнеге екенін ұмытпауы қажет.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына түрлі әлеуметтік және психологиялық факторлар әсер етеді. Отбасындағы өзара түсіністіктің болмауы, ашуға ерік беру, ішімдік пен есірткіге тәуелділік, жұмыссыздық, әлеуметтік қиындықтар немесе құқықтық сауаттың төмендігі жанжалдың ушығуына себеп болуы мүмкін. Дегенмен қандай жағдай болмасын, ешбір себеп күш қолдануды ақтай алмайды.
Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Заңнамалық өзгерістер қабылданып, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл – қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Дегенмен заң талаптарын күшейту мәселені толық шешпейді. Ең бастысы – қоғамның көзқарасын өзгерту. Зорлық-зомбылықты «отбасының ішкі мәселесі» деп қабылдамай, оған бейжай қарамау қажет. Егер адам өзіне немесе жақынына қатысты заңсыз әрекеттердің орын алып жатқанын байқаса, дер кезінде тиісті мекемелерге хабарласып, көмек сұрауы тиіс. Үндемей жүру мәселені ушықтыра түседі.
Осы ретте «Отбасын қолдау орталығы» қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсетеді. Орталық мамандары психологиялық кеңес береді, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, әлеуметтік қолдау тетіктерін ұсынады және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс атқарады. Әрбір өтінішке мұқият қарап, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуына баса назар аударады.
Отбасындағы татулық кездейсоқ қалыптаспайды. Ол өзара құрметтен, сыйластықтан, жауапкершіліктен, сабыр мен кешірімділіктен басталады. Әрбір отбасы мүшесі бір-бірінің пікірін тыңдап, мәселелерді күш қолдану арқылы емес, ашық әңгімелесу және өзара түсіністік арқылы шешуге ұмтылғанда ғана берекелі отбасы қалыптасады.
Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және әрбір азаматтың жауапкершілігі ерекше. Себебі қауіпсіз отбасы – бақытты балалық шақтың кепілі, ал бақытты отбасы – қуатты мемлекеттің негізі.

Перизат САЙРАНОВА,
«Отбасын қолдау орталығының» әлеуметтік қызметкері.

ShareTweetPin
Next Post

«Мектепке жол» – балаларға  қолдау, болашаққа сенім!

«Мектепке жол» – балаларға қолдау, болашаққа сенім!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті