Қазақ халқы ғасырлар бойы ұрпағын жаман әдеттерден, ұнам-сыз мінез-құлықтан, ерсі іс- әре- кеттерден шектеп, жақсылыққа баулу үшін тыйым сөздер қалып-тастырған. Сол арқылы тәрбие- леп, жастайынан баланың бойына әдептілікті сіңірген. «Тыйым көр-меген баладан тексіз адам шы- ғады», «Тектеу көрмегеннен кісілік сұрама» дейді. Сондықтан қазақ-тың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие- нің көзі. Әр ұлт сөзінің дүние-танымына, тұрмыс-тіршілігіне, тарихи қалыптасуына, айнала-дағы табиғат құбылысын қабыл- даудағы таным-нанымына байла-нысты тыйым сөздер шығарған. Қазіргі жастар қазақы тыйымның мәнін түсінбегендіктен, оны орын-дамайды. Тіпті оны ескіліктің сар- қыншығы ретінде қарайды. «Үл-кеннен өнеге көрмеген балада ұлағат болмайды» деп баба-ларымыз тегін айтпаған. Бабамыз ұрпағын тәрбиелеген бірқатар тыйым сөздерге тоқталайық.
Халқымыз «Ас атасы – нан» деп, нанды жоғары бағалап, ба-ланы кішкентайынан нанды қас- терлеуге үйреткен. «нанды бас-па», «нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нан-ды төңкерме», «нанды уатпа», «нанды бір қолмен үзбе» деп ба-ланың құлағына құйып, санасына сіңіріп, обал сауапты ұқтырған. Қазақ ұғымында нан – қасиетті; наннан үлкен дәм жоқ. Адам кез келген тағамды екі-үш күн жесе, ол қанша дәмді болса да, оған тәбеті шаппайды:
Ал нанды күнде жесең де, одан шықпайсың. Дастарқанда бір күн нан болмаса, дастарқан ортайып қалғандай болады.
Аштықтан өзегі талып, өмірі үзілуге шақ қалған адам етте, май да, тәтті де сұрамайды, бір үзім нан сұрайды. Бір үзім нан бір адамның өмірін сақтап қалады.
Қазақта үйден кісі қанша асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адам-дар арасындағы ынтымақ-бірлік, сыйластық дастарқандағы нан арқылы нығая түседі. Халықта «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» деп нанды қадірлейтіні осыдан. Сондай-ақ әлдебір адам құпияны сақтауға, аманатқа адал болуға уәде бергенде, қолына нан ұстап:
«Орындамасам нан ұрсын!» –деп ант ішеді. Айтқан уәдесін орындамай арамдық жасаса, бер-ген анты өзіне қарғыс болып тиеді, нанның киесі ұрады дейді. Кіш-кене кезімізде үлкендер: «Жерде жатқан нанды көрсең, еңкейіп ал, биіктеу жерге қой, құс шоқып жесін, сауабы тиеді. Бір қолмен нанды үзбе, кесір болады», «Нанды қорласаң, өзің сорлай-сың» деп ескерту жасап оты- ратын.
«Тұзды баспа, тұзды шашпа» деген сөздерді үлкен кісілер жас-тайымыздан құлағымызға сіңіріп отырды. Тұздың тіршілік үшін құны ерекше. Тұзсыз еш нәрсенің дәмі де, нәрі де болмайды. Тұз өмірге аса зәрулігімды де мен қасиеті.
«Ақты баспа», «ақты төкпе». Аққа сүт, айран, қаймақ, қатық, саумал, қымыз, шұбат жатады. Бұларды ағарған деп те атайды. Ананың ақ сүтін ардақтаған хал-қымыз малдың да сүтін ардақ- таған. Адам баласы анасының ақ сүтімен жетілсе, малдың төлі де енесінің сүтінен нәр алады. Нә-ресте үшін ана сүті қандай қажетті болса, малдың төлі үшін де ене-сінің сүті сондай қажетті. Уызына, сүтіне жарымаған төлдің мал болуы екіталай.
Қазақ халқы ежелден мал ұстап, тіршілік еткен. Сондықтан төрт түліктің қадірін, бабын жақсы білген. Ақтың адам ағзасына ұшан теңіз пайдасы барын ертеден ұққан. Сүт өнімдері қазақ дас-тарқанының сәні, берекесі болған. «Ақты қорлағанды ант ұрады» деп, «ақты төкпе», «ақты баспа» деген тыйым сөздер мен аққа байланысты ырымдарды тұрмыс-та көп қолданған. Жолға шығып бара жатқан жолаушыға ақ ішкізіп аттандырып, «Ақ жол болсын!» – деп тілек айтқан.
Көктемде алғаш күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда киіз үйдің босағасына, керегенің басына ақ жаққан.
Бұл «Көктен жаудырсын, жер-ден өндірсін, ақ мол болсын» де- ген ізгі ниеттен туған ырым. Тіпті үйге кіріп кеткен жыланның ба-сына ақ құйып шығарып жібереді. Босағадан бас сұққан жылан екеш жыланға қастық жасамай, көңілдің түзулігін, пейілдің ақтығын сүт арқылы білдірген.
Тілімізде, ақ сақалды ата», «ақ жаулықты ана», «ақ неке», «ақ пейіл», «ақ ниет» деген аққа байланысты тіркестер кездеседі. Мұның бәрі – ақ сүттің қасиетіне, тазалығына байланысты сіңі-рілген ұғымдар. Әр қайсысы үлкен мағынаны білдіреді.
Тілімізде «Дастарқанды баспа», «дастарқанды аттама», «дастар-қанды теріс жайма», «дастарқан- ды кесіп, қима» деген тыйым сөз-дер бар. Дастарқан – қазақтың кір жуытпай таза ұстайтын қадірлі дүниесі. Дастарқанға күніне әл-денеше рет бата жасалып, дәм- тұз, ас қойылады. Бір үйдің дас-тарқанына қаншама адам жи- налып, қаншама адамның басын біріктіреді.
Қазақ дастарқанды баспайды, дастарқаннан аттамайды, көп жағ-дайда шетін қайырып өтеді. Хал- қымыз дастарқансыз ас ішпеген. Жолаушының өзі жолда тамақ-танғанда, жаятын бір шаршы ора- малды аса жүреді. Қазақ кейбір ұлт өкілдері секілді түрегеп тұрып тамақ жемеген. Сол сияқты тамақ үстінде бейпіл сөз айту, біреуді жамандау, ұрыс-керіс шығару үл- кен күнә болып табылады. Дас-тарқанға қол жумай отырмайды. Әрі бата жасалмай тұрып ешкім дәмге қол сұқпайды. Ас ішіп отырғандар келген адаммен қол алысып, амандасуға тұрмайды. Дастарқанға жасына қарай оты-рып, жағына қарай сөйлейді. Алдымен ақ сақалды ата мен ақ самайлы әжені құрметтейді. Бұл біздің қазаққа тән, қазақтың қаны-на сіңген жазылмаған заңымыз.
«Бүйіріңді таянба». Бір шаңы-рақтың адамы қайтыс болғанда, марқұмның жақындары қимас-тықпен егіліп жылайды. Дауыс салып, жоқтау айтады. Өйткені өмірден адам өтті. Осындай ауыр сәтте езіліп жылағандардың ішкі ағзасына көп салмақ түседі. Бүй-рек пен бауырға, өкпеге күш тү- седі, жүрек жиі соғады. Сондықтан қаралы үй адамдарының белін мықтап буады. Бұл денеге сүйеу болады. Бүйірді таяну-амалсыз-дан, қажеттіліктен туған жағдай. Жайшылықта оны жамандық ша-қыру деп оған қатаң тыйым салынған.
«Қолыңды төбеңе қойма». Ай-наласынан қысым, зәбір көріп, ешкімнен қолдау таппаған соң, елінен безуге бел буған адам тө-бесіне қолын қоятын болған. «Ен- ді сендерді желкемнің шұңқыры көрсін, көз жетпес жаққа жоғал-сам» деп артына бұрылмай ке- теді. Ол сол кеткеннен орал-майды. Мұндай шешім тосын бол- са да, ел ішінде кездесіп қалады. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердінің «Қалқаман – Мамыр» даста-нындағы Қалқаман өзін өлімге қиып, оққа байлаған ел-жұртынан осылайша өкпелеп кетіпті. Қайтып өз елі Тобықтыға оралмапты.
«Тізеңді құшақтама». Адамның басынан не өтпейді? Әр түрлі себептермен отбасынан, үй-жа-йынан, не жанашыр жақында- рынан айырылған адамды қа-зақтар: «Байғұс-ай!» деп аяған. Міне, сондықтан тізе құшақтауды жамандық белгісіндей көріп, тыйым салған. «Бейуақта ұйық-тама», «бейуақта жылама», «бей- уақта ұрыс-керіс шығарма», «бей-уақта қоқыс төкпе» т.б. Күннің күндізгі нұры қайтып, түн күшіне кіре қоймаған өліарада жер бе-тінде адамға беймәлім бір күш- тердің әсері белең алады. Көш-пенді ата-бабамыз бейуақта бола- тын өзгерістерді білген. Ұрпақ-тарын одан сақтандырып, тыйым айтқан. Абайлап қарасақ, бей- уақта тосын жайларды байқай-сың. Мысалы, осы кезде дімкәс адамдардың ауруы қозады, қызуы көтеріледі. Ауру адамдардың өмірден озатыны да осы кезде жиі кездеседі. Сонымен бірге оқыс оқиғалар, қақтығыстар, қылмыс түрлері көбейеді. Қоқыс төгетін жер былғанышқа, зиянды энер-гияға толы, бейуақта күшейе тү- седі. Ол ауамен бойға дарып, кездейсоқ ауруға шалдығуы мүм-кін. Бұрындары үлкендер «пері соғады, жын ұрады» деп айтып отыратын. Бұл осы лас энер-гияның әсерінен болады.
«Әкесі тірі кісі бас ұстамайды». Алдында асқар таудай әке тұр-ғанда баласы дастарханда мал басын ұстамайды. Бұл қазақ ұғы-мына жат ұғым. Тіпті баласы ба- лалы-шағалы болып кексе тартса да, әкенің көзі тірі болса, ибас ұстамайды. Қайта әкенің аман-дығын тілеп, шүкіршілік қылады.
«Үлкеннің алдын кесіп өтпе», «Үлкеннің сөзін бөлме». Қазақ халқы әр кезде үлкендерді сыйлаған, төрге шығарған. Бұл – бұлжымайтын тәртіп және кез келген ата-ана баласының құла-ғына құйып, жетесіне жеткізген. Өйткені жасы үлкен кісі өмір көр-ген, ұрпақ өсірген, өмірдің қиын- дықтарын өткерген. Одан бата алсақ, шарапаты тиеді, дейді.
Қорыта айтқанда, біз бірқатар тыйым сөздерге тоқталдық. Қа-зақта тыйым сөздер көп. Тәрбие – тағылым беретін тыйым сөздерді ата-ана, үлкендер ұрпағына бала кезден санасына құйып, зерделеп отыруы керек.
К.ЕЛІКБАЕВ.
http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf