Біркөлік шипажайы ауданымыздың табиғаты көркем, ауасы жұпар, суы тұнық, қаланың у-шуынан, даңғазасынан аулақ жерге орналасқан. Айналасы көмкерілген биік тау, шоқылар, етегінде қаптаған ну тоғай. Жұтқан сайын саумал ауасы тынысыңды аша түседі. Сон-дықтан да жылдан-жылға еліміздің түкпір-түкпірінен мұнда келіп емде-лушілер қатары көбейіп келеді. Соңғы жылдары шипажай оңалту орталығы мәртебесіне ие болды. Ауру белгілеріне қарай емделушілерге түрлі емдік ша-ралар қолданылады. Әсіресе жүріп- тұруға, қозғалуға, серуендеуге көбірек мән беріледі.
Оңалту орталығының бас дәрігері Турабеков Үсеннің айтуынша, оңалту орталығында жазғы мезгілде әр мау-сымда 340-360 адам, ал қыста 240-260 адамға дейін демалуға мүмкіндік алады. «Емделушілерге 3 корпус, 19 коттедж қызмет көрсетеді. Сұраныстың артуына байланысты алдағы кезеңде емдеу орталығын тағы да 30 орындыққа ке-ңейтуді межелеп отырмыз. Біркөлік шағын жинақты мектебі жаңа оқу жылында жаңа оқу ғимаратына көшіріледі. Босаған ғимарат оңалту орталығы қара-мағына берілген», – дейді бас дәрігер.
Емделушілерге 12 дәрігер, 43 медбике, алпыстан астам техникалық қызметкерлер қызмет көрсетуде. Әсіресе емделушілерге Мейрамкүл Қожамбекова, Ақмарал Сатыбалдиева сияқты білікті дәрігерлер, Оразбақова Роза, Түймешова Роза, Мәуленова Гүлмира, Рысжан Аманқұлова, Сәндіқыз Бүркітбаева, Зура Даниева, Алтынай Сатпай, Айнұр Үсенбекова т.б. медбикелер емделушілерге қалтқысыз қызмет етіп, олардың жанына шипа болып, тезірек сауығып кетуіне білімі мен аялы алақанын аямайды.
Сондай емделушілерге өзінің біліктілігімен, мейі-рімділігімен, жылы сөзімен қызмет етіп, көптің алғысына бөленіп жүрген медбикелердің бірі – Роза Балтабайқызы Оразбақова. Онымен жұмыс барысында таныстым. Шипажайда 2004 жылдан бері жұмыс істейді екен. 2007 жылы мекемеге тоқ ішекті жуып-тазартатын АМОК аппараты алынады. Оны қолдана білетін маман керек. Мекеме басшысы Роза Оразбақованы өзіне шақырып, Алматыдағы 112-ауруханаға білім жетілдіру курсына оқуға жібереді. Мұнда ол аппаратты қол-данудың жолдарын егжей- тегжейлі үйренеді. Міне, содан бері тоқ ішекті жуып тазартатын бөлімде үздіксіз жұмыс істеп жүр.
– Бұл бөлім адам ағзасын тазалауға, иммунитетін кө-теруге, көп аурудың алдын алуға, яғни тері аурула-рынан сақтандыруға, қан қысымын төмендетуге, ал-лергияға, астмаға, ішек ауруларына, тоқ ішектің бітелуіне, іш қатуын болдырмауға емдік шаралар қоданады. Әсіресе үлкен, егде кісілер бұл бөлімнің қызметін пайдалануға көп сұраныс түсіреді, – дейді медбике.
Роза Балтабайқызының қысқаша еңбек жолымен таныстым. Ол ауданымыздың Екпінді елді мекенінде 1968 жылы дүниеге келіпті. 1983 жылы Бірінші Мамыр орта мектебінде 8-сыныпты бітіргеннен кейін, сол кездегі Ленгір қаласындағы медициналық училищенің медбике бөліміне оқуға түсіп, оны 1986 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
– Ол кездің бір жақсы жері жұмыс орның дайын тұрады. Қазіргідей жұмыс іздеп ешқайда сабылмайсың, әр есікті қақпайсың. Жолдамамен жіберген жеріне барып жұмыс істей бересің. 1986 жылы жолдамамен Шымкент қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына медбике болып орналастым. Онда 7-8 жыл жұмыс істеп, аға медбике дәрежесіне көтерілдім. Содан отбасы құруыма байланысты Ленгір қаласына ауысып, қалалық аурухананың балалар бөліміне медбике болып орналастым. Онда 2004 жылға дейін жұмыс істедім. 2004 жылдан бері Біркөлік шипажайында медбике болып қымет атқарып келемін, – дейді ол өмір жолынан сыр шертіп.
Биылғы жылдың сәуір айында аудандық аурухана жолдамасымен Біркөліктегі оңалту орталығында де-малуыма тура келді. Осында демалып жүргенімде, емделушілердің осы бір қағылез, жүзінен мейірім шуағы төгілген, ілтипатты медбикенің қызметіне риза болып, үнемі алғыстарын жаудыртатынын байқап жүрдім. Мен де Роза қызмет ететін бөлімде ем қабылдадым. Осының алдында ғана жүрек ауруы дәрігері қабылдауында болып, ауруыма қосымша емдік шаралар тағайындауды өтінген едім. Өкінішке қарай, безеріп, сұрланған, менмен дәрігердің өтінішіме құлақ аспағанына ренжіп шыққан едім. Ал Роза Балтабайқызы болса, жаймашуақ мі-незімен, кішіпейілділігімен, жылы сөзімен қабылдап, суыған көңілімді жадыратып жіберді. Күлімсіреп жүріп, тиісті ем-домын жасап берді. Міне, осындай жан дүниеңді түсінетін шипалы қолдар көп болса екен деп тіледім. «Дәрігер ауру адамды дәрімен емес, жылы сөзімен емдейді» деген халық сөзінің мағынасын сонда түсінгендей болдым.
Роза Оразбақова Аққұм ауылының келіні. Жұбайы екеуі 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардың жоғары білім алуына жағдай жасаған. Перзенттері де ата-ана үмітін ақтап, бүгінде мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүр. Ұлы Бақдәулет Астанадағы Л.Гумилев атын-дағы Евразия ұлттық университетінде оқып, құрылыс инженері мамандығы бойынша бітіріп, қазір Астанадағы ірі құрылыс компаниясының бірінде учаске бастығы. Ал қызы Асылай мұғалімдік мамандықты бітірген. Аста-надағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі. Ұл-қызы үйлі-жайлы. Олардан немере сүйіп, өсіп-өрбіген жайы бар.
Роза Балтабайқызы Оразбақова медицина саласын-дағы жемісті еңбегі үшін мекеме басшысының Алғыс хатымен, аудан, облыс әкімдіктерінің Құрмет грамо-тасымен бірнеше рет марапатталған. «Ең бастысы, – дейді ол, – емделушілердің алғысы мен сый-құрметі маған бәрінен қымбат», – дейді қолы шипалы мейірімді медбике.
К.ЕЛІКБАЕВ.

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf